Ағаш батыр

9 Шілде 2015, 09:52

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай еліміздің әрбір өңірінде шаралар өтіп жатыр. Соның бірі – Орал қаласындағы Достық даңғылының бойында қазақ батыры мүсінінің ашылуы.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай еліміздің әрбір өңірінде шаралар өтіп жатыр. Соның бірі – Орал қаласындағы Достық даңғылының бойында қазақ батыры мүсінінің ашылуы.

Мұның ерекшелігі - ағаш түбірінен ойылып жасалғандығында. Оған әуесқой мүсінші Болатбек Баймағамбетовтің бір айдай уақыты кеткен. Осы жерде қураған ағаштың түбірі тұрғанын байқаған ол көмекшісі Азамат Алагөзовпен бірге жергілікті тұрғындардың қолдауымен қазақ батырының бейнесін сомдап  шыққан.  

Кішкентай кезінен сурет салумен айналысатын Б.Баймағамбетов соңғы жылдары ағаштан шағын мүсіндер жасауды қолға алған екен. Енді ол аталған ескерткішті күтіп ұстаумен бірге алдағы уақытта да осындай істерді қолға алмақшы. 

Қаншама ескерткіші ашылып жатыр, әр көшеге батырлардың есімі берілді. Ескерткіштердің барлығы бір-біріне ұқсас, барлығы аттың үстінде қылышын кезеп, қалқан ұстап тұратын көрініс. Ал, бұл ескерткіштің ерекшелігі, ағаштан жасалған. Екіншіден, ешқандай аттың үстінде отырған жоқ. Бұл ескерткіш – қазақ батырларының жиынтық образы ретінде жасалған. Ескерткіш авторы қазақ батырларын дәл осылай көргісі келген. 

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ғалымдар екі бірдей тың жаңалық әзірлеп отыр. Соңына дейін түрлі ескерткіштер, орталықтарр, ғылыми еңбектер жазылады деп күтіледі.  Қазақ хандығының негізін қалған Керей ханмен байланысты да біз бұрын-соңды оқымаған деректер жариялануы мүмкін.

Археологтар тұңғыш рет «Ұлы көштің жолы» атты жаңа карта жасап шығарды. Ғалымдар уақыттың тығыз болуына байланысты зерттеу жұмыстарын Жамбыл жерінен бастады. Олар Ұлы көштің Әулиеата өңірі арқылы жүріп өткен жолының картасын жасап шықты. Онда көштің бағыты, Қазақ хандығына қатысты жер-су атаулары, тарихи орындар мен археологиялық ескерткіштер түсірілген.

Тараз мемлекеттік университетінде «Қазақ хандығы мыңжылдықтар тоғысында: тарихи сабақтастық және қазіргі кезең» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға еліміздің және Германия, Үндістан, Қытай сынды бірнеше мемлекеттің тарихшы ғалымдары қатысты. Олар да бұл деректерге аса қызығушылық танытып отыр.

Жылдың соңына дейiн Қазақ хандығының тарихына арналған тағы бiрнеше монографияны жарыққа шығару жоспарланып отыр.

Қазақ хандығының құрылуы, оның дәуірлеу кезеңі, алтын кезеңі, экономикалық қуаттануы, бірігуі барлығы қамтылған. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тың жаңалықтар мен тарихи деректер қайта жанданып жатыр. Ғалымдар мерейлі оқиғаға байланысты аянбай еңбек етіп жатыр. 


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Бөлісу: