"Z қаласы": Жарқырап, жайнай берші, Астанам!

13 Шілде 2018, 15:53 45923

El.kz интернет-жобасы Астананың 20 жылдығына орай, «Z қаласы» атты интернет-жобасын көпшілікке ұсынады. Әр бөлімде Астанаға бауыр басып, сіңісіп кеткен қарапайым адамдар, жергілікті тұрғындардың өмірдеректері баяндалады.
Астанада ерекше бизнес ашып, елорданың жасындай жарқырауына өзіндік үлес қосып жүрген жас мамандардың бірі – Сүлеймен Сейт. Қауіпті дей тұрғанмен өте қызықты жұмыс атқаратын оның командасы Астана төрінде аспанмен таласа өсіп келе жатқан биік, шыны ғимараттардың жылтырап, жарқырауын қамтамассыз етеді. Жігіттер Сарыарқаның самал желіне қарамастан 20-25 метр биіктікке көтеріліп, шынымен қапталған үйлерді жылтыратып жуумен айналысады. Сүлеймен Сейт – өндірістегі альпенист. Ол күнде Астананың сұлулығын биіктен тамашалап, сүйсіне алатынын мақтан тұтады.   
Санжар Рамазанов – ландшаф сәулетшісі. Елорда көшелері мен гүлзарларын әдемі гүлдермен көмкеретін арнайы мамандардың бірі. Ол ажарлы Астанамызға ерекше көрік бітіріп, ұлттық калориттерге малынған түрлі-түсті гүл бақшалардың орналасатын жері мен егілетін орынын белгілеп, эскизін жасайды. 
Кейіпкерлердің екеуі де елорданы көркейтуге, гүлдендіруге, безендіруге өлшеусіз үлес қосып жүрген талантты жастар.

Бөлісу: