Бірлік пен татулықтың мерекесі

27 Сәуір 2017, 18:08 3244

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Қазақстан – жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, бірліктің шаңырағын биік ұстаған ел ретінде әлемге танымал. Осы татулықтың мерекесі 1 мамырға орай, еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің орталықтары өз құттықтауларын жолдады.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мен достығы мерекесі құтты болсын! Бір шаңыраққа біріккен қазақстандықтардың достығы мен ынтымағы ажырамай, өзара нығайып, одан әрі жалғаса берсін! Еліміздегі ұлтаралық татулықтың босағасы берік болып, Қазақстан мәңгі жасасын! Біз барлығымыз бір халықпыз, бір елміз, бір тағдырмыз. Елімізде барлық ұлт өкілдеріне тең жағдай жасалған, тең дамып жатырмыз. Біз барлығымыз «қазақстандық халықпыз»!

Құрметпен, Қазақстанның әзірбайжан мәдениет орталықтары одағы

Құрметті, Қазақстандықтар! Сіздерді келіп жеткен Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз. Бұл көктем мерекесі – достық пен ынтымақтастықтың туын биіктетеді. Қазақстан жерінде түрлі ұлыс пен ұлт өкілдері тату-тәтті, біртуғандай ғұмыр кешіп жатыр.

Жақсылық пен махаббат, игілік пен шапағат әрбір ел азаматының жүрегінде мекен етсін. Бәріміздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлденіп, дами берсін!

Ізгі ниетпен, Қазақстандағы дүнген қоғамы

Қазақстандағы түркімен қоғамдық-мәдени орталығы бірлестігі барша отандастарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтайды.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бәріміз бір ел, бір халық болып, мәдениетімізді сақтап, жаңғыртып, алға жылжу керектігін жеткізді. Мақалада рухани жаңғырудағы ішкі ұлттық «меннің» нығаюына қазақ мәдениетінің жылдар бойы қалыптасып, қазақ халқының еліміздегі басқа да этностарға көрсеткен қолдауы айтылады.

Осылай бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз арта берсін! Біздің ұрпағымыздың бақытты болашағы үшін, бәріміздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне үлес қосамыз.   

Ізгі ниетпен, Қазақстандағы түркімен қоғамдық-мәдени орталығы бірлестігі

Бөлісу: