Егемендік алу аясындағы ресми мерекелер

26 Қараша 2015, 12:11

Егемендік алу аясындағы ресми мерекелер

Бар ғұмыры мал шаруашылығымен айналысумен өткен көшпелі қазақ халқының басынан талай қиын кезеңдер өткені тарихтан белгілі. Сонау 11 ғасырдағы моңғол-татарлардан бастап 17 ғасырдағы жоңғар қалмақтарының жойқын шабуылдарына төтеп беріп, ақын Ж. Молдағалиев жырлағандай “мың өліп, мың тірілген” қазақ жұрты ақыры діттеген мақсатына жетіп, өз тəуелсіздігіне қол жеткізді. Ұлт ретінде жер бетінен сан рет жойылып кете жаздаған қазақтың басына бұл бақтың оңайлықпен қонбағаны анық.

Кез келген ұлт пен ұлыс үшін баға жетпес асыл құндылық саналатын тәуелсіздік – бағасы аса қымбат, сан ұрпақтың төгілген қаны мен шүмектетіп төккен терінің бодауына келген өтем екені даусыз. Бүкіл ғұмыры жаугершілікпен өткен қазақтың киіз үйінің белдеуінен бұрындары байланған қазанат үзілмесе, қолынан үкілі найза түсіп көрген емес-ті. Арғы ата-бабаларымыз құлан тұяғы мүжіліп, құс қанаты талатын, құлашын кеңге жайып жатқан ұлан-ғайыр сайын даланы сыртқы жаудан ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалып, артқы ұрпағына “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” қазіргі Жерұйық – Қазақстан жерін мирас етіп қалдырып кетті. Тәуелсіздікті баянды ету үшін төккен тер сор татитындықтан, бар ғұмырын азаттық күресі жолында өткізген қазақ ұлты үшін тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Оның халыққа не бергенін тәптіштеп айтып жатудың өзі артық. Өйткені, бүгінгі ұрпақ арғы ата-бабаларымыз сан ғасыр көшінде қол жеткізе алмаған еркіндіктің жемісін көріп, төрткүл әлемнің басқа елдерімен терезесі тең өмір сүріп, өркениет өркешіне қол созып отыр. Ал қазіргі таңда, тәуелсіз Қазақстанымыз аяқтан тік тұрып, дүниежүзілік қауымдастық елдері арасынан өз орнын ойып алатын деңгейге жетті десек қателеспейміз. Салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, діні, ділі, тілімен қатар ұлттық мерекелерімізге де аса назар аударылды. Осыған орай, бұрынғы сақталып келген мерекелерімізге қоса, егемендік алғаннан кейінгі енген мерекелерімізге толықтай тоқталғы

Бөлісу: