«Ұлытау өңірі» газеті тәуелсіздік жылдарында

25 Қыркүйек 2017, 19:12 4678

Ұлытаудың жаршысы

Тәуелсіздік  жылдары «Ұлытау өңірі» газеті үшін ең елеулі жылдардың бірі болды деп айтуға толық негіз бар. Әсіресе ел тағдыры шешілер кезең 1991 жылдардың басында басылым ел экономикасына, қоғамға қызмет ете білді. Мысалы, «Ел тағдыры», «Саясат», «Жаңа заңдар», «Біле жүрейік» сынды айдарлары арқылы ел тынысын байқауға болатын еді. Биліктегі ауыс-түйіс, жаңа қабылданған қаулы, заңдар барлығымен құлағдар етіп отырды. Жылдамдық пен шапшаңдықты серік еткен журналистер қауымы жаңалықтарды тез әрі нақты жеткізе білумен басылым құндылығын арттырып отырды.

1991 жылдан бергі «Ұлытау өңірі» газетінің жұмысына тоқталар болсақ, ең алдымен, «Қазақ КСР Президентін сайлау туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданғанын жазған 1991 жылғы 24 қазандағы санынан бастауға болады.

Аталмыш Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСРПрезидентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР Президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Президентін сайлау 1991 ж. 1 желтоқсанына белгіленді. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды.

Бұл барша қазақ жұртының, қалың қауымның бөркін аспанға атып, көзден жас шыға, ерекше мейірлене қуанған кездері еді.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы ең жағымды жаңалықтардың бірі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің 1991 жылы тамыздың 29-ы жұлдызында қабылданған жарлығы еді.Бұл  қуанышты жаңалықты «Ұлытау өңірі» басылымы сүйіншілеп тұрып жариялады. Ол «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» елбасымыз  қабылдаған Заң болатын.

«Қазақ КСР-інің территориясындағы Семей облысында 1940 жылдан бері ядролық қару сынау жүзеге асырылып келді. Осы уақыттың ішінде онда 500-ге жуық ядролық жарылыс жасалып, оның озі мындаган адамдардың денсаулығы мен өміріне нұқсан келтірді.

«Қазақ КСР-і КСРО мен АҚШ арасындағы стратегиялық әскери тепе-теңдікті қамтамасыз еткен ядролық потенциалды жасау жөніндегі өз борышын орындағанын ескеріп және республика жүртшылығының талаптарына құлақ асып. қаулы етемін:

1.  Семей ядролық сынақ полигоны жабылсын.

2. Қазақ КСР Министрлер кабинеті КСРО Қоргаыыс министрлігімен, КСРО Атом энергетикасы және атом өнер-кәсібі министрлігімен келісе отырып, Семей сынақ полиuонын одақтық және республикалық ғылыми-зерттеу орталығы етіп қайта құрсын. 1991 жылы оның статусын және ғылими зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарының тізбесін әзірлеп, бекітсін» деген қаулы барша аудан жұртшылығын қуанышқа бөледі.

Аудан тұрғындарының өмірі тікелей ауыл шаруашылығына байланысты болғандықтан, мал күтіміне, егін шаруашылығы жайында көптеген қажетті мағлұматтармен құлағдандырып отыруды да басты назарда ұстады. Сол арқылы да қарапайым халық үшін құнды, асыға күтетін басылымға айнала білді. Айта кетер болсақ, «Жерден өнген жерде қалмасын», «Қырман толы қызыл дән», «Берекелі еңбек», «Тасу қарқыны қанағаттандырмайды», «Дән дариясына шолу» сынды мақалалармен қоса, әр саны сайын «Қанша өнім алынды?» атты сараптама мақала жарияланып тұрған. Сол арқылы өткен жылмен салыстыру, бағамдап, өткенге таразы, болашаққа болжам жасалынып тұрады. Яғни, халықтың тыныс-тіршілігін нақты басылым арқылы-ақ қай деңгейде екенін анықтауға болады.

«Ұлытау өңірі» газетінің тағы бір қыры-ауыл өркениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды да марапаттап тұруды ұмытпайды. Мысалы, белді журналист болып қызмет атқарған Асқар Бейсекеевтің «Орақ озаты»  атты талдамалы материалы. Көпке үлгі қылып, жастарға қанат бітіретіндей  жігерлі мақалалар жариялап тұру арқылы ауданның дамуына өзіндік әсер еткен

Астық сөзінің астарына терең үңілер болсақ, қаншама сыр барын аңғарар едік. Астық ол-нан, Ал, нан болса, көз қарауытып, жүрек сазбайды, яғни, астық болса, елдің аш өзегін талдырмайтын, тары-талқаны, көже қатығы болады ғой. Міне, сол ел ырзығы жолындағы жорық қазір біздің ауданымыз бойынша да жаппай басталып, қызу қарқынмен өтуде. Әсіресе, астықты өңірдегі жұртшылықты жылда елеңдететін егін орағының жайы міне тағы да баршаның назарына ілікті. Өйткені, биылғы жаз айларының құрғақ болуы көп іске кедергі болып-ақ еді. Республикамыздың көптеген аймақтарында қуаңшылықтың салдарынан егін- жайлар күйіп кетіп, шығымдылығы төмен болуда.

Алайда, ауданымыздағы астықты өңірдің бірі - «Егінді» совхозында болғанымызда жағдайдың мүлдем өзгеше екенін көріп, көңіліміз есіп қалды. Тіл-ауызымыз тасқа дейік, бастырылған астықтың қырманға сыймайтын түрі бар. Бұл да болса халықтың несібесі ғой. Десекте, қыруар ел байлығының тасылмай ашық аспан астында жатуының өзі көңілге кірбең салар еді. Бірақ, біз бұл жөнінде жеке сөз етпекпіз. Ал, шынында алқаптағы қызу еңбек көңіл қуанышы боларлықтай.

Аудан шаруашылықтарындаөткен бесжылдықтың әр жылы екпінді еңбек, берекелі табыспен ерекше есте қалды десек артық айтқандық емес. Өйткені адамдарымыз бес жыл көлемінде қайтақұруға үлес қоса отырып, арендалық-мердігерлік әдіспен еңбек етіп ел экономикасы мен мәдениетін арттыруға күш салумен айналысты. Рас, жаңаның бәрі жарқын табыс әкелген жоқ. Әйтседе осы кезеңде жұмыс істеудің қай түрінің тиімді, қай түрінің тиімсіз екені айқындала түсті. Олай дейтініміз жаңаны жанымен қабылдап жүйелі жұмыс істегенде жоғары табысқа қол жеткізді де ал, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін жекелеген адамдар керісінше орынсыз шығынгажол берді. Мұндай жәйді әрбір совхоз, әрбір бригада, жалпы әрбір коллективтен аңғаруға болады.

Мысалы, Аманкелді атындағы совхоздың шопан-малшылары мен басқа да әрбір еңбек адамы бір жеңнен қол, бір жағадан бас, шығарып, ұйымшылдық көрсетіп көздеген асудан көріне білгенін өзгелерге үлгі ретінде айтуға болады. Өзгені былай қойғанда өткен жылдың өзінде ғана аталған шаруашылық елеулі табыстарғаие болып, он үшінші бесжылдықтың алғашқы жылының табалдырығын нық қадам, соны серпінмен аттады. Совхоз мал басын өсіру мен одан алынар өнім сапасын жақсартуда біршама жетістік деңгейінен көрінді.

«Ұлытау өңірі» газеті тек қана аудан тұрмысындағы хабарларды ғана емес, қажетті ақыл-кеңестер, егін күтімі, астықты қай кезде жинаған дұрыс, агрономдардың айтары сынды керекті ақпаратпен де қамтамасыз етіп отырды.

Басылымның сол жылдардағы тағы бір ерекшелігі- тұрақты «репортер дәптерінен» атты айдары болатын.

Бұл айдардың басты мақсаты – әр науқанға байланысты қызу еңбек үстінен репортаж жүргізіп, қызықты материал жариялау. Сонымен қатар, оқиға барысында қызықты әрі тұшымды сұхбат та жүргізіледі. 

«Күн арқан бойы көтерілген шақ. Ауданымыздағы «Ұлытау» совхозының егістік алқабы «Омарға»  келгенімізде мұндағы қырман басы қайнаған қызу еңбек екен. Біреулер астық тазалалығышпен дәнді дақылдарды сапырып, ендігі бір топ машиналарға астық тиеп жатыр. Сырттай қараған адамға бір тамаша көрініс. Міне, қырман басында тұрмыз. Ондағылардың бәрі дерлік жұмысқа алаңғсыз беріліп кеткен. Қасына келген бізді аңғарар емес. Сұрастыра келе мұндағы бас агрономның әлгінде ғана комбайншыларға кеткенін естіп білдік.

Сөйтіп, сәтіне қарай бас агроном Бегаев Марғұланмен орақ басында жүздесіп әңгімелестік. Ашық жарқын сөйлескен ол, қашаннан бері агроном болып қызмет етіп келе жатқанын айта келіп былай деді:

-Қырман басына барған болсаңыздар ондағы жұмыс ырғағының қалай өтіп жатқанын байқаған боларсыздар. Бізде негізінен мейлі ол жұмыскер, астық тасушы, комбайншы болсын бәрі өзіміздің ауыл азаматтары. Сырттан көмек ала қойған жоқпыз. Өйткені, биыл егін жинауға қатысатын өз күшімізге сендік. Нәтижесі де жаман болып тұрған жоқ. Астық ору тынымсыз жүргізіліп, уақыт пен техника күшін тиімді пайдалану, сөйтіп өнім сапасын арттыру жүзеге асырылып жатса,  алдағы жылға деп дәнді дақыл тұқымдарын әзірлеп, қоймаға жөнелтумен бірге, мемлекетке сатылатын бидайдың өзін сапалы әзірлеп жіберу көңілдегідей болуда»-деп түйді әңгімесін.

Тәуелсіздік жылдарының басындағы газеттің тұрақты айдарлары деп «очерк», «репортер дәптерінен», «публицистикалық толғау», «алтын қалам», «хат қоржынды» атап айтуға болады.

Очерк – көркем әдебиет пен публицистиканың күрделі, әрі көп қырлы жанры. Очерктің көркемдігі – оның публицистикалық әсерлілігінің қажетті шарты деген пікір бүгінгі таңда қисындық тұрғыдан негізінен мойындалған. Алайда, мерзімді басылымдардағы очерк жанрының қалпы бұл қағиданың орнығуына әлі де болса жеткіліксіз тұстардың бар екендігін байқалады. Очерктің анық публицистикалық белгілері және публицистикалық бағытымен қоса, ол көркем әдебиеттің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Түптеп келгенде, очерк -шындықты саяси-әлеуметтік зерделеу тұрғысынан қорытатын жанр. «Очерк – көркем әдебиеттің бір саласы. Онда шығарма негізі – күнделікті деректі материал, нақты адамдардың әрекеті»,-дейді профессор Т.Нұртазин.

Бұл күрделі жанр түрі  біздің басылым бетінде жиі жарық көріп тұрады. 1992 жылғы №18 санында «Күлдір-күлдір кісінетіп...» деген атпен жарық көрген жылқы шаруашылығы жөнінде жазылған көлемді очерк мысал бола алады. Мақаланы сөзге негіз болып отырған аймақты сипаттап, суреттеуден бастап, оқырманды қызықтыра, еліте білген.  Бұл журналист Ғ.Төрежановтың білім парасатының жоғарылығы мен таным көкжиегінің кеңдігінің белгісі деп тануға әбден болады.

«О шеті мен бұ шетіне көз жеткізгісіз кең дала ақ көрпесіне оранып тыныштық құшағына мүлгіп жатыр. Арқаның шыңылтыр аязы болмаса үф еткен жел білінбейді. Айнала тым-тырыс. Тек анда-санда пысқырынған жылқы дауысы ғана сол тыныштықты бұзып тұр. Құрығын қарына іліп, күреңін сипай қамшылаған Тоқсан алдындағы жалдың үстіне шыққанда ойпаңда үйір-үйір болып тебіндей жайылып, түстікті бетке алып бара жатқан жылқыларын көргенде көңілі орныққандай болды. Әйтпейінше, бірнеше жыл бойы еңбегінің бағы болып келе жатқан жарықтық Қамбар баба тұқымынан айырылып қалса еңбегі еш кетпей ме?».

Сонымен қатар, туған жердің тарихын келер ұрпаққа насихаттап, жеткізуді өздеріне міндет санаған басылым әр тасына анықтама беріп, әр естелікті хатқа түсіріп отыруды өздеріне мақсат тұта білген. Себебі, «тарихсыз болашақ жоқ».

Жалпы Ұлытау жерінің тарихы жайлы қалам тербемеген тарихшы кемде-кем. Бұл тау Ұлытау деген мәртебелі атты қашан алған?  Талайларды ойландырып-толғандырған осы сұрақтың нақты жауабы әлі күнге ерекше маңызға ие. Жорамал да, болжам да көп. ХІІ-ХІІІ ғасырларда оның бұрынғы аты мен бүгінгі атауы араб-парсы жылнамашы-тарихшы  ғалымдарының еңбектеріде қатар қолданылуына қарағанда таудың атының өзгеруі осы заман мұғдарына сай келетін секілді. Атақты парсы тарихшысы Әбу Саид Гардизидің ХІ ғасырда жазған «Зайн-әл-ахбар» (Баяндау көркі) атты еңбегінде Ұлтыау жайлы ең көне дерек келтірілген. «Қимақтарға шығатын жол жайлы айтсақ, әуелі Фарабтан Жаңа қонысқа барасың; Жаңа қоныстан қимақ еліне қарай жүргенде, жолда өзен кездеседі, одан өткен соң алдыңнан бұйра-бұйра құм шығады; түркілер оны Уюкман құмы деп атайды. Әрі қарай Сокук өзеніне жетесің; Әрі қарай Кендіртағы тауы басталады. Жолаушылар өзенді жағалай өскен қалың шөп, жайқалған ну тоғайдың ішімен жүріп отырып, биік тауға, өзеннің бастауына жетеді».

Гардизидің еңбектеріндегі кейбір географиялық атауларға түсінік бергеніміз жөн. Ондағы Фараб – сол кезеңдегі Отырар қаласының аты, Жаңа қоныс – Отырарға жақын маңдағы Кедер деп аталған сауда орталығы. Уюкман – Мойынқұм құмы; Сокук – Сарысу өзені; Кендіртағы – қазіргі Ұлытау тауы.

Қорыта айтқанда, бұл жол –«Ұлы Жібек жолының» жиһанкез-саяхатшыларға «Сарысу жолы» деген атпен бағзы замандардан мәлім Ұлытау-Жезқазған өңірі арқылы өтетін тармағына сәйкес келеді.

Тағы бір дерек келтірер болсақ, арабтың белгілі саяхатшысы, географ-ғалымы Әл-Идрисидің «Жаһангерліктен торыққан адамның көңіл көтеруі» атты шығармасынан табуға болады. Әл-Идриси бұл өңірде қалалардың көп екендігін, ол қалалардың барлығы өзен-көлдердің жағасында, тау шатқалдарындағы құнарлы жерлерде салынғанын атап көрсеткен.

Әл-Идриси еңбегінде де көрсетілген Ертағы мен Кертағы тауларына келетін болсақ, бұл атауларға қатысты тиянақты мәліметті Қиуа ханы, тарихшы-шежіреші Әбілғазының өзінің нақтылығы жағынан дүниежүзі ғалымдары тарапынан аса жоғары бағаға ие болған «Түрік шежіресі» атты еңбегінен табамыз. Онда: «Қазіргі Ұлытау мен кішітау дегендерді ол кезде Ертағы мен Кертағы деп атайтын»,-деген тұжырымды сөйлем бар».

Бұл баспасөзде берілген Ұлытау жерінің қалыптасуы жөніндегі тарихи мақала болатын. Баспасөздің құндылығы да осында жатыр деп бағалауға, бағамдауға болады. «Ұлытау өңірі» газетіне осы өлкенің тарихын тереңінен зерттеп жүрген Қуаныш Ахметовтың ғылыми тұжырымдамалары, өекті деректері қашанда құнды болып келеді.1999 жылы газеттің №26 cанында жарық көрген еді.

Бұл мақала жай ғана тарихи мақалалардың бір көрінісі болып табылады. Сонымен қатар, еңсемізді тіктеп, ел болған шақта елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың біршама шет елдермен мемлекет аралық байланыстар орнатуы, әр түрлі елдермен қабылданған ортақ шешімдер, ішкі сыртқы жаңалықтардың барлығы біздің басылым бетінен көрініс тауып отырды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылыҚазақстан үшін өзін әлемге таныту жылы болды. Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Көптеген ірі мемлекеттермен тікелей саяси-экономикалық қатынас орнай бастады. Сонымен бірге 1992 жыл КСРО-ның кезінде басталған және Одақтың ыдырауымен күшейе түскен экономикалық дағдарысқа қарсы жүйелі күрестің басталған жылы болды. Ресейде 1992 жылы бағаны еркіне жібергендіктен Қазақстан күрделі шаралар қабылдауға және «шок терапиясын» жүзеге асыруға кірісті. Қазақстанда инфляция жыл аяғында 3000 пайызға жетті. Экономикалық дағдарыстың күшейіп және тіл мәселесіне байланысты қоғамда саяси жіктеліс тереңдей бастады.

1993 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы экономикалық дағдарыстың ең тереңдеген жылы болды. Наурыз айында елдегі құнсыздану процесі гиперинфляцияға айналды. 1993 жылы электр энергиясы мен.газ бағасы мыңдаган есеге көтерілді. Жалақының кешіктіріліп берілуі барлық салада күшейе бастады. Халықтың әлеуметтік жағдайы күрт қүлдырап кетті. Осындай жағдайларға байланысты Қазақстанда қараша айында ұлттық валюта - теңге енгізілді. Экономикалық жағдайдың қиындауы әлеуметтік топтардың саяси талаптарын тұжырымдаған саяси партиялардың пайда болуына әсер етті. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, «Қазақстанның Халық Конгресі» және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы «Невада - Семей», азаматтық «Азат» қозғалысы және «Қазақстанның халық бірлігі» одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар ұйымдасқан саяси күшке айналды.

Ел тәуелсіздігі орнаған күннен бастап, әлемдік сахнада Қазақстан өзін көпұлтты, бейбіт мемлекет ретінде танытуда. Осыған дәлел ретінде 1995 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Н.Назарбаев Қазақстан үшін тарихи маңызды оқиға деп атап өткен төл теңгемізді шығару фабрикасының ашылу рәсімі өтті. Осы уақыттың ішінде ұлттық валютамыз – теңгенің тұғыры бекіді, елімізде макроэкономикалық тұрақтандыру процесі іске асты. Қазақстанның экономикалық-қаржылық тәуелсіздігі толық айқындалып болды. Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми турде бекітілді. Әлеуметтік-экономикалық маңызы бар «Жекешелендіру туралы» Заң қабылданды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев екіжақты байланыстарды дамыту, республикада экономикалық реформаларды тереңдетуге қолайлы жағдай туғызуды бақылауға алу міндеттерін алдыңғы қатарлы мәселелер тізбегіне енгізді.

Жалпы қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикамыз дамудың жаңа бір белесіне шықты. Жиырма төрт жылдық тарихы бар егемендігіміз бізге талай ауыр, қиын замандарды өткеру арқылы келді.Елі үшін, Отан үшін қанша боздақтарымыздың ерен ерлігінің арқасы екенін ұмытпауға тиіспіз.  Көк байрағымыз еркін желбіреп, тәуелсіздіктің айғағы болып отыр. Жалпы Қазақстан мемлекеті бүгінде алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстанған бағыты еліміздің дамуына зор ықпалын тигізіп отыр. Қазақстан алдына көптеген міндеттер,  жоспарлар қойылып отыр және оларды жүзеге асыру үшін үкімет басшылары аянбай тер төгуде. Халық қиын-қыстау кезінде табандылық көрсетіп, міне, бүгін жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Егеменді, ынтымақты еліміздің бүгінгі жай-күйі, замана, қоғам жайы, шешімін таппаған түйткілді мәселелер республикалық, облыстық басылымдарға ғана емес, аудадық газеттердің де көтеріп отырған басты тақырыптары болып табылады. Осы сөзімізге айғақ ретінде «Ұлытау өңірі» газеті бетіндегі еңбектерді айта аламыз.

Аңсаған азаттыққа жетіп, еліміз тәуелсіз мемлекет атанған соң біршама өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістер еліміздегі баспасөздің жұмыс бағытын түбегейлі өзгертті. Көптеген аймақтық газеттер секілді Ұлытау аудандық газеті де тілімізді, салт-дәстүрімізді, елдігімізді дәріптейтін, патриоттық сезімге тәрбиелейтін басылымға айналды. Мұны сол кездері редакцияға келіп түскен хаттар санынан аңғаруға болады. Газет бетіндегі «Редакцияға хат» айдарларымен оқырман хаттары үздіксіз жарияланып тұрған.  Қазір де басылымда осы тектес «Хат қоржын» айдары бар. Ауданның әр түкпіріндегі ауылдарынан күніне ондаған хаттар келеді. Тақырыптары да алуан түрлі. Басымдық әлеуметтік салада екенін атап өткен жөн. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі, әлеумет әлеуеті, рухани материалдар көптеп келеді.

«Ұлытаудағы елдік пен бірліктің монументі»деген белгітас ашылған кездегі тікелей жүргізілген репортаж тақырыбы болатын. Дәл осы атпен «Ұлытау өңірі» газетінде көлемді репортаж жарияланды.  Монумент 2005 жылы салтанатты түрде ашылған еді. Ұлытау өңірінің 2005 жылғы №16 санында жарияланған болатын.

Шынымен де, бірліктің мызғымас бірлігіндей болып тұрған монументтің іргетасының жерден алғандағы биіктігі 2,55 метр. Іргетастың 4 жағынан кең басқыштар салынған. Табантас Қордайдың мраморынан төселген. Бір-біріне қарсы орнатылған 4 иір баған дүниенің 4 құбыласының, жылдың 4 мезгілінің белгісі. Баған аралығында жіңішке темір біліктерден шаңырақ, керегелер бедерленген. Монументті айнала 4 жерден қойылған мрамор тұғырлардың араларын айдың 30 күнін білдіретін 30 мрамор шаршылар жалғап жатыр. Монументтің жалпы биіктігі – 23 мет

Ұлытаудың оңтүстік-шығысындағы «Жұмабай» дарасына асқа арналып он киіз үй тігілді. Тігілген үйлердің бәрі көңілден шығар, көз тартар әсем безендірілген. Бұл асқа Жезқазған, Сәтбаев қалаларынан, Астана, Алматы, Қарағандыдан құрметті қонақтар, куғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары келді. Ас беру рәсімі қуғын-сүргін құрбандарына, қасиетті жерде жатқан аруақтарға мал шалып, дұға бағыштаудан басталды.

Өнеге көрген текті ұрпақ ата-баба аманатын ардақтаудың тағы бір жарқын үлгісін көрсетуге жиналды. Ол - Президентіміздің тікелей бастамасымен қарт Ұлытауда «Қазақ мемлекетінің тұтастығы мен халықтарының бірлігі монументінің» бой көтеруі және Өткенге тәу ету етіп, Ертеңге ұлағат ұсынар осынау тағылымды істің аясында республикалық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. «Ұлытау өңірі» газеті салтанатты кештен тікелей репортаж жасады.

Осы тұста 1993 жылдың қыркүйегін есімізге оралтсақ, ынтымаққа үндеген толағай ескерткішке лайықты орын қасиетті Ұлытау екендігін тиянақтаған Белгі тасты қою сәтінде Нұрсұлтан Әбішұлы: «Ұлытау тарихы аз айтылып жүрген жоқ. Соның бәрін жинақтап, кітапқа түсіру керек» деген пікір айтқан еді. Елбасының зиялы қауымға салмақ артқан осы бір сөзі қашанда есімізде.

Ал 2011 жылдан бері редакторлық қызметтің тізгінінде Елтынды Дүйсенбаев  отыр.  Газеттің бүгінгі тыныс-тіршілігі заманына қарай жаңарып, өзгеруде. Егеменді еліміздің күннен күнге нығайып келе жатқан экономикасы, әлеуметтік, рухани жаңаруы, салт-дәстүріміздің жаңғыруы газеттің басты тақырыбы болып табылады.

«Ұлытау өңірі» газеті елімізде тәуелсіздіктің туы көтерілгеннен кейін де жаңа өмірдің сан саласын қамтыған іргелі мәселелерді көтеріп, қалың  оқырман көңілінен шығып жүр. Соңғы кезде өңірмен бірге тыныстаған басылымның сыртқы түрі мен мазмұны мүлдем өзгерді. Басылым көкейтесті мәселелерді үнемі көтеріп отырады. Газет журналистері әрқашан ел ішінде, халық ортасында жүреді, кейіпкерлерімен етене араласады. Елде болып жатқан жаңалықтар, әзірше шешімі табылмайтын проблемалар газет беттерінен кеңінен орын алды.

«Ұлытау өңірі» газеті – аудан жұртшылығының көзі, құлағы, тілі болып отырған, елінің үлкен жанашырына айналып, Сарыарқаның самал желіндей жанға жайлы хабарлары мен  Отанымыздың  әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайын жақсартуға үлес қосып келе жатқан басылым. Тілімізді, салт-дәстүрімізді, елдігімізді дәріптейтін салиқалы басылымның бірі. Рухани діңгек ретінде басылымның рөлі ерекше. Халқымыздың өзіне тән игі әдет-ғұрыптары, дәстүрлері, атап айтқанда, үлкенді сыйлау, зор адамгершілік, парасаттылық, айтқан сөзінде тұру, адал еңбек ету сияқты қасиеттердің  газеттің әр жылдардағы нөмірлерінен орын алуы көңіл қуантады. 2004 жылғы «Ұлытау өңірі» газетінің кезекті санында белгілі театр және кино өнерінің майталман шебері Шәкен Аймановтың туғанына 90 жыл толуына орай жарияланған «Сахна суреткері» атты мақаланың өнер иесінің жан-жақты қырын ашуда пайдасы зор. Қазақ телевизиясына сіңірген еңбегі зор, публицист Камал Смайылов жайлы жазылған «Біздің Камал» атты мақалада сөз шеберініңкереметтей портретін сомдаған. «Адам және заң», «Имандылық иірімдері», «Ана тіл», «Жақсының жақылығын айт» беттерінің де рухани демеу, жастарға да, үлкен адамдарға да тәлім-тәрбие шарапатын тигізетіні айқын.

Рухани дамудың алғышарты – білім, ғылымды игеру. Елбасы Н.Назарбаев:«Біз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді, тарихи танымымызды, рухани мәдениетімізді барынша терең дамыта отырып, барлық салада тәуелсіздікке жетуіміз керек» беген болатын 2004 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында. Міне, осы ұрпақ тәлім-тәрбиесі, біліміне қатысты түрлі тақырыпты арқау еткен мақалалар, сұхбаттар «Ұлытау өңірі» газеті бетінен тұрақты түрде орын алып келеді. Бүгінгі білім алып отырған жас жеткіншектер ертеңгі күні тек білімді маман ғана емес, сонымен бірге Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп-жетілуі керек. Себебі, өнер - білім және халқымыздың  рухани бай болуы – еліміздің аса құнды байлығы. 2008 жылы «Ұлытау өңірі» газетінің 12 маусымдағы №64 санында журналист Бақыт Баймұратұлының «Ұлттық тәрбиенің негізі неде деп ойлаймыз?» атты сауалнамасы жарық көрді. Зиялы қауым өкілдеріне бірнеше сауал қойылып, тәлім-тәрбие бағытында ой-пікірлеріне орын берілді. Сауалнамаға жауап беруші келесі жан ардақты ана Ақерке Еркінқызының: «Ұлттық тәрбие анадан бастау алады. Ұлттық тәрбие негізі қарияларымыздың даналық сөзінде, ата жолын жалғаған тағылымды ісінде. Атадан тәлім алып өскен бала тілін де, ұлтын да ешқашан ұмытпайды және ұлтжанды болып қалады».  Әрине, бұндай сауалнамалардың ұрпақ тәрбиесіне игі әсер беретіндігіне шек жоқ. Қазіргі заманда көбейіп жатқан тастанды балалар, әке-шешесін тапсыратын қатыгездер қайдан шығады? Әрине, тәрбиенің олқылығынан. Атамыз қазақ «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп тегін айтпаса керек.

Қазақстанның негізгі діңі – қазақтар, яғни қазақ ұлты. Қазақ ұлтының руханиятын дамыту Қазақстан мемлекетін дамыту болып табылады. Осы орайда Олжас Сүлейменовтің «Тауларды аласартпай даланы асқақтатайық» деген ұлағатты сөзін берік ұстану артықтық етпейді. Ұлтымыздың мықты болуы тұрмыстық жағдайына да байланысты. Бұл бағыттағы еңбектер де басылым бетінен көптеп байқалуда.

Халықтың рухани-мәдени дәрежесін көтеру, ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу мақскатында еңбек ету –әрбір мұғалімнің міндеті.  Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты  өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларының өмірбаяны мен өнегелі істерін біліп өсуіне тәрбиелеу – ұстаздарға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Өйткені еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Ұрпақтың саналы, білімді болуы ұстаздарға байланысты. Сабақтың сапасының жоғары, нәтижесінің жақсы болуы ғылыми және теориялық тұрғыдан үйлесім табуы, жаңа технологиялық қағидаларға негізделуі болмақ. Ертеңгі күннің бүгінгіден нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Білім мен тәрбие беру жүйесіндегі қайта құрудың күретамыры қазіргі мектепті ізгілендіру болса, оқушыларға жан-жақты тәрбие беруде, өмірді танытып қана қоймай, көзқарасын қалыптастыруда, мінез-құлқына әсер етуде халықтық педагогика қағидаларының алар орны өлшеусіз. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» делінген. Демек, қай елдің болсын, өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің даму деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты болады.

Міне, осындай рухани, әлеуметттік, экономикалық тақырыптар жан-жақты қарастырылып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін әр кезеңнің өзекті мәселелерін көтеріп, қоғамға ой сала отырып, «Ұлытау өңірі» газеті халықтық басылым болып келеді.

Бөлісу: