2017 жылдың 20 сәуір күні «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының көркем өнерпаздары «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында «Мәңгілік Ел» атты үгіткеруенімен Качир ауданының Песчаное және Береговое ауылдарына концерттік бағдарламамен барып қайтты.
Концерттік бағдарламаға Фируза Ильясова, Айгүл Жұмағұлова, «Өнеге» домбырашылар триосының солисті Камила Кернеева және «Шаңырақ» би тобы қатысты. Концерттің шымылдығын «Шаңырақ» би тобы «Қазақ биімен» ашты. Фируза Ильясованың орындауында «Аяулы ана» және Айгүл Жұмағұловамен дуэтпен орындаған «Ты моя» әндері, «Өнеге» домбырашылар триосының солисті Камила Кернееваның «Аққу», «Новаи», «Шаттанамын» күйлері орындалды. Ал «Шаңырақ» би тобы «Наурыз биі» және «Хорезм» билерімен көрермендердің көңілінен шықты. Концерттік бағдарлама Роза Рымбаеваның «Отан» әнімен Фируза Ильясованың орындауында аяқталды. Барлық көрермендер өз орныңнан тұрып қошемет көрсетіп жылы лебіздерін білдірді.
Аталмыш шара арқылы әртістер ана туралы жырларын шырқап, патриоттық әндер, классикалық әндерін тарту етіп, өз өнерлерін ортаға салды.