23 Желтоқсан 2014, 05:46
Құрметті достар! Назарларыңызға «Қазақстан шетелдіктер» көзімен фотоайдарының тоғызыншы жарияланымын ұсынамыз! Қазақстанға серуендеп келген не елімізде тұрып жатқан шетел азаматтарының интернет желісіне салған қызықты суреттерін аптаның сейсенбі және жұма күндері жариялап отырамыз.
2013 жылы Наурыз мерекесін тойлауға Алматы қаласына Sophie Ellis-Bextor арнайы қонақ болып шақырылды. Әлем жұлдызы қарапайым сахнада болса да, көрермендерге биік деңгейде өнер көрсетті.
Осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің орынбасары Майкл Клечески өнер галереясында болып қайтты. Суреттер қазақ халқының тарих белестерінен қалай өткенін, ата-бабаларымыздың биік мұраты ұрпақтарына тәуелсіз ел сыйлау идеясын анық көрсететінін жазды.
Майклдың Астанадағы шетелдік достары қызығушылық танытып, галереяны көруге ниет білдірді.
Ал бұл британдық профессорлар тобының Түркістанға барған саяхатынан көрініс. Қонақтар өздерін араб фильмдері кейіпкерлері ретінде сезінуде.
Шымкент қаласында тұратын британдық профессордың профайлынан осындай әсем суреттер таптық. Достары болса табиғат көркіне тамсануда.
Профессор қазақ халқының дәстүрлі қыз ұзату тойында болып қайтқан екен. Фейсбук парақшасындағы Ричардтың достары ұлттық нақыштағы киімдерге таң қалуда. Бұрын соңды осындай бас киім үлгісін көрмеген екен.
Ал бұл сурет Орал қаласында жасалған. Сапарларына риза болған шетелдік профессорлар естелікке осындай ерекше жейделер алып кеткен.
Фотоайдардың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөлімдерімен осы сілтемелер арқылы таныса аласыздар
Фото: Twitter, Facebook
Әзерлеген: Айгүл Шерниязова