9,8 млрд теңге: блогерлерге жіберілген салық хабарламасы кері қайтарылды

Кеше, 17:01 404

Мемлекеттік кірістер комитеті 93 блогерге жіберілген салық хабарламасын кері қайтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

МКК техникалық қателікке байланысты салық сомаларын қайта есептегенін және жаңартылған хабарламаларды блогерлерге қайта жібергенін мәлімдеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті техникалық ақауға байланысты 169 салық хабарламасын кері қайтарды. Оның ішінде 93 блогерге салынған 9,8 млрд теңге салықтық міндеттеме де бар. Бұл қателік уақытша мәселе болды. Барлық деректер қайта қаралып, жаңартылған салықтық міндеттемелер блогерлерге жолданды, – делінген ресми хабарламада.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: