Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу)халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.
2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.