9. У-СУН ДЕГЕНДІ ДҰРЫС ОҚУ МЕН ƏДІЛ АУДАРУ КЕРЕК. Жалғасы І

19 Тамыз 2014, 06:42

9. У-СУН ДЕГЕНДІ ДҰРЫС ОҚУ МЕН ƏДІЛ АУДАРУ КЕРЕК. Жалғасы І

Үнді елінде туылған неміс ғалымы, əйгілі шығыстанушы Һанс – Жоахим Климкейттің” Die Seidenstrasse”  деген кітабында (17-бет), Қытайдан шығып Орта Азия арқылы Үндістанға барып теңіз арқылы б. з. 414 жылы еліне оралған, əйгілі діндар-сахатшы Фа Шянның сапар маршрутын көрсеткен карта бар. Сонда жетісудың кіндік тұсынан Үйсін дегенді бадырайтып (Wusi деп) көрсеткен. Мұндағы Wu дегеннің, А-ға жуы- майтын, У екені анық тұр.

Оның үстіне Жапонияның Токио Империя Университетінің профессоры, Орта Азия тарихының білгірі Ширатори Куракичидің (юншиң) де - У Сүннің тағы бір жазылуы деген. Демек бұл ғалым да У ды А-ға жолатпаған. Расында да “юншиңнің” У-сүнге жақындығы көрініп тұр. Хəндер (қытайлар) ертедегі ұйғырларды У Ху  деп те жазды. Уейшүй дариясына да сол

Бөлісу: