5 Наурыз 2014, 05:09
Сонымен, қыз келіншектерге қойылған 4 сауал төмендегідей:
1) 8 наурыз Сіз үшін нағыз мереке ме? Әлде, Жаңа жыл секілді мәнін жоғалтатын ғұмырсыз мереке ме?
2) Өміріңіздегі осы мерекеде алған ең ерекше сыйлықты атаңызшы, (қашан кімнен)
3) Биыл қандай сыйлық алғыңыз келеді?
4) Өзіңіз дайынсыз ба? Кімдерге не сыйлық алдыңыз?
Назгүл Қожабекова, журналист
2) Осы мерекеде алған ерекше сыйлығым – былтыр балам өз қолымен түрлі-түсті қағаздан жасап сыйлаған открытка болды. Ал ересек адамнан алған ерекше сыйлығым – ол да былтыр, досым түскі тамаққа шақырып, жұмыстан келіп алып кеткен. Түстеніп, қайтып келсем, үстелімнің үстінде гүл жатыр. Сөйтсем, ертерек келіп, есік алдындағы қарауылға тастап кетіпті, әдейі мен жоқ кезде столыма апарып қойсын деп. Өмірі есімнен кетпейтін шығар. J
3) Мен жалпы, ешқашан сыйлықты жоспарлап алмаймын. Сыйлық ол сыйлық қой. Қымбат, бағалы сыйлық жасайды-ау деп дәмететін жақын адамым болмаған соң, бұйырғаны болады да. J Әйтпес, Samsung Galaxy S5 шығып жатыр дейді.... J
4) Әлі дайын емеспін. Биыл, бұрынғы сыйлық жасау керек адамдардың тізіміне тағы алты адам қосылды: қызымның мұғалімдері. Оның алдында ұлымның үш мұғалімі бар. Екі апамыз бар. Бір жеңгеміз бар. Төрт кішкентай қыз бар. Осылардың бәріне шатаспай сыйлық алу керек. Әлден басым қатып отыр.
Ая Өміртай, журналист
2) Жас кезімде бір ақынға ғашық болғанмын. Әлгі адаммен тіл қатысып қалу деген маған тілмен жеткізе алмайтын ерекше сезім еді. Сол мереке күні әлгі баладан бір шумақ құттықтау смс хатын алып, кәдімгідей қуанғаным есімде. Бірақ енді шын көңілден айтылған құттықтау мен риясыз берілген сыйлықтың бәрі құнды мен үшін.
3) Біз тұратын үйдегі көрші қызға "валентин" күні жігіті су жаңа машина сыйлады. Бепілдетіп келіп аулаға әкелгенде өзім куә болғанмын. Бірақ күнде қарап қоямын, ол машинаны ешкім айдаған жоқ неге екенін қайдам. Сондай сыйлықтар болса күшті ғой. Айтпақшы, қазақша алқа-сырға, тұмарқабын сыйлыққа алғым келеді
4) Анамды, маған әлдеқандай туыстық, достық қатысы бар барша-қыз келіншектерді құттықтаймын. Және әжем бар. Сіңлім бір қымбатырақ көйлекке қызығып жүрген. Соны алатын шығармыз, бәрі бір ортақ болады ғой. Негізі екеуіміздің размеріміз бірдей))
Эльвира Ерғалина, блогер
2) Ең ерекше сыйлық Эйр Астана компаниясынан болған Өткен жылдардың бірінде Астана қаласынан Алматыға ұштым дәл 8 наурыз күні. Ұшаққа кірген бойда стюард қыздарға әдемі қораппен қапталған сыйлық тапсырды. Алматыға қонғанша сол қораптың ішінде не бар екенін біле алмай, жарылып кете жаздағаным бар. Сол жерде ашып қарайын десем, айналамдағылардан ұят сияқты Ал, ең бағалы сыйлық - гауһар тасты жүзік. Кімнен екенін айтқым келмейді
3) Ой, маған келер сыйлықты таңдауға мүмкіндік берілсе және құнынан шектеу қойылмаса, бірден "Астанадан үй сыйлаңызшы" дер едім Пәтерден пәтерге көшуден шаршадым. Өзімнің үй алу мүмкіндігімді девальвация біраз жылға шегеріп тастады.
4) Дайынмын. Сыйлықты қабылдауға әр тәулікте 24 сағат бойы дайынмын ғой Ал, анамды, жеңгелерім мен құрбыларымды құттықтауға әлі дайындалған жоқпын. Себебін білмеймін. Жақындаған соң ғана жанұшыра жүгіретін шығармын сыйлық түгендеуге. Сіздің сұрағыңыздан кейін ойланып отырмын, міне, енді кірісемінJ
Әйгерім Жакина, «Қазконтент» АҚ Талдау және жобаларды басқару департаментінің бас маманы
2) Мен үшін әр сыйлық қымбат. Өйткені, сол сыйлықты таңдау үшін, мені қуанту үшін уақытын бөлді. Сондықтан, кез-келген сыйлыққа риза боламын. Ал, жаныма жақын, ерекше сыйлықтар ол Әкемнің сыйлықтары.
3) Сыйлыққа тапсырыс беріп көрмеппін, бірақ арулардың көпшілігі сияқты гүл, парфюмерия және де ары қарай тізім кете береді)))
4) Ең бастысы анама сыйлық алдым, бір сыйлықпен шектелмеймін деген ойдамын)))
Мақпал Мадиярова, «Хабар» телеарнасының журналисі
2) ҚазҰУ-да. 21 жаста едім... Мен ерекше құрметтейтін, ерекше жақсы көретін бір адам бар... Сол ғой сыйлық иесі...
3) Мен бір адамнан кез келген мереке сайын смс күтем. Биыл келмейтін шығар...
4) Әрине, ауылдағы анама сыйлық алдым. Сосын Әсел деген досым бар. Соған бірдеңе сыйлайтын шығармын)))
Динара Болат, психолог
Әсия Бағдәулетқызы, киносыншы, театр зерттеушісі
2) Үш жыл бұрын, бір құшақ гүл көтерген бейтаныс жігіт пәтердің есігін қақты. Ол тасымалдаушы, ал гүлді жіберген - басқа қаладағы досым екен. Ғаламтор көп дүниені жеңілдетті ғой, бірақ сол кезде шынында да таңқалдым. Бәлкім, содан есімде қалған шығар)
3) Сыйлыққа келгенде кірпияз емеспін, мырза көңіліңіз қалаған кез келген сыйлықты қабылдауға дайынмын))
4) Жаңа жылда иесін таппаған бірнеше сыйлық 8 наурызды күтіп сарғайып тұр. Одан өзгесін әзірге алғаным жоқ. Дегенмен анамды, сіңлімді, жақын құрбыларымды сыйлықсыз қалдырмауға тырысатыным анық.
El.kz ӘЖ
Ел Тұтқа