87 жасқа толған Нұрғали Нүсіпжанов бірқатар атаққа ие болды

9 Қаңтар 2024, 14:54 20731

Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иесі Нұрғали Нүсіпжанов 87 жасқа толған туған күнін ерекше атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің қуанышын бөлісуге жақындарынан бөлек шенеуніктер де келген. Instagram-дағы видеолардан байқағанымыз, Алматы облысы әкімдігінің өкілі әншіге облыстың «Құрметті азаматы» атағын табыстады.

Бұдан бөлек Алматы қалалық әкімдігі де абызға шапан жапты.

Мәдениет басқармасының қызметкерлері арнайы грамоталар табыстады.  

Мадина Асылбекова
Бөлісу: