80 күнде Ақтаудан Парижге

31 Шілде, 20:47 3056

Бейнеулік зейнеткердің олимпиада өтіп жатқан қалаға сапары осындай.
64 жастағы Рәббім Борашев есімді азамат мамырдың 4-де Ақтаудан велосипедпен жолға шыққан. Бакуге жеткен соң Грузия шекарасын кесіп өтіп, ары қарай Түркияға аттанған. Содан кейін Венгрия, Австрия, Германия жерін басып өтіп, Францияға жетіпті.
2 жарым айдан аса уақыттан соң Парижге жеткен жерлесімізді елшілік қызметкерлері мен француз қайраткерлері Салтанат аркасы жанынан күтіп алған.
Рәббім Борашев жас кезінен олимпиадаға баруды армандапты. Арманына осылай ерекше түрде қол жеткізген азаматтың әрекеті көпті тәнті етті.
Ол енді жанкүйерлер қатарына қосылды.

EL.KZ
Бөлісу: