8 жыл бойы ақша ұрлаған балабақша директоры мен есепшісі сотталды

9 Қаңтар, 13:24 1765

62 миллион теңгені жымқырған «Қызғалдақ» мемлекеттік бөбекжай-балабақшасының бұрынғы директоры мен есепшісіне үкім шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Директор 2016 жылдан бері есепшімен алдын ала сөз байласып, қызметкерлерге белгіленген мөлшерден тыс жалақы мен сыйақыны заңсыз өндіріп алу арқылы ақшаны ысырап еткен. Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің көрсетулерімен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және басқа да дәлелдемелермен расталады.

Экс-директордің зейнеткерлік жасы ескеріліп, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ал есепші тергеу кезінде ақшаның бір бөлігін қайтарған. Сонымен қатар, сот әйелдің төрт баланы, оның ішінде екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғанын ескеріп, оны шартты түрде 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы 2028 жылы, ең кіші баласы алты жасқа толғанда түрмеге қамалады.

Сот шешімімен экс-директор өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Екінші айыпталушыға 10 жылға бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: