8 жастағы қызылордалық бала құдыққа құлап қайтыс болды

26 Қараша 2023, 17:21 802
Қызылордада кәріз құдығына түсіп кеткен бала қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Қайғылы оқиға кеше күндізгі сағат 13:14 минутта болған. Сегіз жастағы бала абайсызда қаланың емханаларының бірінің жанындағы кәріз құдығына құлап кеткен көрінеді.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 279-бабы "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Тергеу басталды", - деп хабарлады полиция  департаментіндегілер. 
Құтқарушылар баланың денесін кешке дейін іздеп, зорға дегенде тауып алған екен. 
Асқар Таудай
Бөлісу: