8 қазанда елімізде ауа райы қандай болады

8 Қазан, 05:16 464

«Қазгидромет» РМК 8 қазанда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек еліміздің солтүстігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалымен аздап жаңбыр жауады деп күтіледі, түнде шығыста және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Қарағанды, Абай облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Ақмола облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктері мен шөлейтті аудандарында, Жамбыл өңірінің оңтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: