8 наурыздан кейін Қыз-келіншектер сыйлықтарын жаппай сатып жатыр

Бүгiн, 14:32 182

8 наурыз мерекесінен кейін Қазақстандағы жарнама қызметтерінде косметикалық дүкендерге, SPA салондарға арналған сертификаттар мен гүлдер жаппай сатылымға шығарылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мерекеден кейін қазақстандық қыз-келіншектер сыйлыққа алған сертификаттары мен гүлдерін жаппай сатылымға шығара бастады. Бірі әлі ашылмаған гүл шоқтарын саудаласа, енді бірі түрлі номиналдағы сертификаттарды жеңілдікпен ұсынуда.

Әдемі гүл шоғын сатамын, қауызы ашылмаған. Балғын гүлдер, – делінген хабарландырулардың бірінде.

Ең көп сатылымға қойылған заттардың бірі – түрлі дүкендерге арналған сыйлық сертификаттары. Кейбіреулер оларды жеңілдікпен сатып жатыр. Хабарландырулар да тартымды етіп жазылған.

Жігіттер, 8 наурызға ең керемет сыйлық – иіссу емес. Сүйіктіңізді, анаңызды немесе қарындасыңызды шын қуантқыңыз келе ме? Күтімге арналған сыйлық сертификаты – жай ғана сыйлық емес. Ол өзін күтетін ерекше сәтте оны расымен бағалайды, – деп жазылған жарнамалардың бірінде.

Мысалы, белгілі брендтерден тауар сатып алуға болатын 100 мың теңгелік сертификат 85 мың теңгеге сатылуда. Автор сертификаттың жаңа екенін және жарамдылық мерзімінің ұзақ екенін атап өткен.

Бұл үрдіс соңғы жылдары жиі байқалып келеді, әсіресе мерекелерден кейін сыйлыққа ие болғандар қажетсіз деп тапқан заттарын тиімді бағаға сатуды жөн көреді.

Перизат Саденова
Бөлісу: