8 наурызда елімізде 366 қыз дүниеге келді

Бүгiн, 16:32 151

8 наурыз мерекесінде Қазақстанда перзентханалардың акушер-гинекологтары 764 босандыруды сәтті жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Барлығы 769 сәби, оның ішінде 366 қыз, 403 ұл дүниеге келді, сондай-ақ 5 егіз енді 8 наурызда туған күнін атап өтеді. 

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді, онда 126 бала туды, екінші орында Алматы - 76 сәби, Шымкент – 71 және республиканың астанасында 65 бала дүниеге келді.

Перизат Саденова
Бөлісу: