78 жастағы ресейлік әртіс Евгений Петросянның үшінші баласы дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қуанышты хабарды оның жары Татьяна Брухунова жеткізді.
Ерлі-зайыптының ортақ суреті 13 наурыз күні Брухунованың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Менің бақытты 35 жылым және Ваганның бақытты 4 жылы, - делінген жазбада.
Өзге мәліметтер жарияланбаған.
Айта кетерлігі, Петросян мен оның жұбайының жас айырмашылығы 43 жас.
2020 жылы жұп қызды болды. Әзілкештің бұдан бөлек 55 жастағы Викторина есімді қызы бар.