27 Сәуір 2016, 08:16
Бұл туралы Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев жұртшылық өкілдерімен есептік кездесуінде мәлімдеді.
«Бірінші қыркүйектен бастап 1-ші сынып оқушылары жаңартылған оқу жүйесімен білім алуды бастайды. Білім беру жүйесінің жаңартылуы Қазақстан бойынша барлық мектептерде жүзеге асады. Ал жаз уақытында 73 мың бастауыш сынып мұғалімі арнайы оқудан өтетін болады», - деді министр.
Аталмыш өзгерістер жүйелі түрде іске асатын болады. Жоспар бойынша келесі жылы тағы үш сынып қосылады. Ерлан Сағадиевтің айтуынша жаңа жүйе пәндердің санының азайуына және сапасының артуына алып келеді. Ұстаздардың білімін арттыруға биылдың өзінде 700 маман жұмылдырылатын болады.