7 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

7 Сәуір, 23:03 774

Су тасқынына байланысты еліміздегі 7 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"ҚазАвтоЖол" АҚ мәліметінше, 7 сәуір сағат 22:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанайоблыстарындағы 9 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3430 метр болатын су тасқыны орын алды. Осыған байланысты 7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (ұзындығы 650 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 323 техника мен 462 адам жұмылдырылған.

Перизат Саденова
Бөлісу: