7 наурызда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

7 Наурыз 2023, 08:43 658

Бірқатар өңірде жауын-шашын жауып, жел күшейеді

7 наурызда елдің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады.

Қарағанды облысының батысында, күндіз басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман.  

Түркістан облысында жаңбыр, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с, облыстың таулы асуларында 30 м/с асады. 

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 7 наурыз түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секуындына 23-28 метрден асады.

Павлодар облысында түнде жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с асады.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын.

Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 17-22 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан желш соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыс желі, екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Ұлытау облысында жауын-шашын, күндіз солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан жел ауысады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні - 23-28 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде - 15-20, екпіні - 23-28 м/с.

 Қостанай облысының басым бөлігінде қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында қатты қар. Облыстың солтүстік жартысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, тұман. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, орталығында қатты жауын-шашышн (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде көктайқақ күтіледі. Күндіз облыстың шығысында жаяу бұрқасын соғады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады күші, облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысыныңорталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 25 м/с жетеді.

EL.KZ
Бөлісу: