Гидрометеорологиялық қызметтің мәліметінше, 23 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының шығыс жартысында, сондай-ақ Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
"Қызылорда облысының орталығында күннің бірінші жартысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында жел 20 м/с-қа дейін күшейеді, - дейді "Қазгидромет" РМК.