«7-20-25» бағдарламасына тағы 100 млрд теңге бөлінбек

23 Желтоқсан 2022, 16:24 1812

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы 2023 жылы жалғасын табады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

2023 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарланып отыр. Бағдарлама бойынша жыл сайынғы кредиттеудің нақты көлемі нарықтағы банктердің нарықтық ипотекалық өнімдері мен олардың дамуына байланысты белгіленбек.

Бағдарлама шарттарына енгізілген өзгеріс – енді бір несие алушы бағдарламаға бір мәрте ғана қатыса алады. Ал бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлігінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны сынды параметрлер бойынша ешқандай өзгеріс жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: