68665 әскери бөлімдегі оқу-жаттығу - фоторепортаж

5 Мамыр 2023, 10:00 2112

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі елорда маңындағы 68665 әскери бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Әскери бөлімнің бүгінгі көрінісінен фоторепортаж ұсынамыз.

Қазіргі кезде 68665 әскери бөлімінде 400-ге жуық сарбаз бар.  

Әуе десанттары парашюттен секіру үшін 6 ай арнайы техникалық жаттығудан өтуі тиіс. Жарты жылдық дайындықтан соң десанттар ең алдымен 850 метр биіктіктен секіреді.Кейін сәйкесінше биіктік арта береді. Суреттен 2022 жылдың күзінде әскерге шақыртылған 18-23 жас аралығындағы десанттардың дайындық техникасын көруге болады.

Әскери қалашықта 2005 жылы ашылған әскери техникалар мен ұшақтар орналасқан музей бар. Онда123 атыс техникасы орналасқан.Ішінде 61 артиллерия қондырғы,13 авиация және 17 бронды танк қару-жарақтарын көруге болады.

Музей 4 қатардан тұрады. Бірінші қатарда танк қару-жарақтары. Екінші қатарда артиллерия қару-жарақтары, үшінші қатарда авиация мен ракета және төртінші қатарда инженерлік және химиялық арнайы техникалар орналасқан. Техникалардың ішіндегі ең ескісі 1910 жылы, ал жаңасы 1980 жылы шығарылған.

Суретте әскери қызметшілердің киім үлгілері таныстырылып жатыр.

Құрлық іскерлерінің киім үлгісі; Қорғаныс күштерінің киім үлгісі; Әскери теңіз күштерінің киім үлгісі; Әскери қызметшілердің күнделікті киім үлгісі. Яғни, олардың киімдеріндегі погонына және таңбасына (эмблема) қарап бөлінеді. Десанттық шабуылдаушы әскерлерінің күнделікті киім үлгісі көрсетілген. Далалық киім үлгісі – әскери қызметшілердің полигонда оқу-жаттығу кезінде киюге арналған киім. Мергендердің (снайпер) киім үлгісі – олар қыста да, жазда да осындай киім үлгісін киеді, яғни жер бедерінің түсіне ұқсатып тігіледі.

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлауға арналған телеробот кешені

Телеробот 1000 метр қашықтықтан басқарылады және жылдың 4 мезгілінде де барлау жасайды.  3 камерамен жабдықталған. Телеробот кешенінде 3 құрылғы орналастырылған. Құрылғының көмегімен радиацияның мөлшерін есептейтін мүмкіндік бар. Өте қауіпті аймақтарда 4 әскери қызметшінің міндетін бір ғана телеробот атқару мүмкіндігі бар. Германияда жасалған техниканы Қазақстан 2022 жылдан бері тәжірибе жүзінде пайдаланады. Әскери бөлімде мұндай телероботтың 2 данасы бар. Жылдамдығы 4.5 шақырым/сағ жүреді. Салмағы 66 келіні құрайды.

Әскери бөлімдегі қару-жарақ түрлері: (суретте оңнан солға қарай)

9 милиметрлі Макаров тапаншасы; Бұл әрбір офицердің жеке қаруы.

9 милиметрлі дыбыссыз және отсыз тапанша; Бұл Қарулы Күштердің арнайы мақсаттағы бөлімшелердің сарбаз, сержант, офицерлердің жеке қаруы.

5,45 милиметрлі Калашников автоматы (қысқартылған); Қару механик жүргізушілердің  қаруы.

5,45 милиметрлі Калашников автоматы (модернизацияланған); Модернизацияланған қаруға көздеуіш құралдары немесе лазерлік құралдарды орнатуға болады.

7,62 милиметрлі Драгунов мерген винтовкасы; Мергендердің негізгі қаруы. Ол пайда болушы немесе жылжымалы нысандарды жоюға арналған.

7,62 милиметрлі Калашников оқшашары және 40 мм РПГ-7 танкка қарсы граната атқыш; Бұл сауытты танктарға қарсы, артиллериялық қондырғы және бронды атыс нысандарын жоюға арналған

68665 әскери бөлімінде 3 әскери ит бар. Олар әскери қалашықта күшік кезінен 3 айдан 1 жасқа дейін жаттығады. Әскери иттердің негізгі мақсаты мина іздеуге көмектесу. Олар 6-7 жыл көлемінде жұмыс істейді. Күнделікті әскери қызметшілермен бірге жаттығады және демалады. Иттердің жаттығу жоспары мен кестесі қамтылған.

Мереке қарсаңында 68665 әскери бөліміндегі казармалардың біріне жөндеу жұмысы жасалып, оның ашылуына ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов қатысты. Жаңа казарма 120 сарбазға арналған, екі қабаттан тұрады. Казарманың әр бөлмесінде бейнебақылау орнатылған. Тиісті жабдықтар қамтылғанымен, ескі жиһаздар қайта орналастырылған. 

Миражан Махан
Бөлісу: