6,6 мыңнан астам ата-ана балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармайды

29 Қыркүйек 2023, 17:39 886

Елімізде 10 мыңнан астам бала тәрбиелеп отырған 6,6 мыңнан астам ата-ана балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармайтындар қатарында тұр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Еліміздің барлық өңірінде дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Оның негізінде полиция қызметкерлері өздерінің әкімшілік учаскелерінде пәтерлерді аралау кезінде өмірлік қиын жағдайға тап болған, әлеуметтік және медициналық көмекке мұқтаж, тәрбиесінде кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды анықтайды.

Бүгінгі күні осындай 3 мыңнан астам отбасы анықталды. ІІО есебінде 10 мыңнан астам бала тәрбиелеп отырған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармайтын 6,6 мың ата-ана тұр. Мұндай отбасылар анықталған кезде қорғаншылық және қамқоршылық органдары, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларына дереу хабарланады. Ол үшін ІІМ қолайсыз отбасыларды тексеру жөніндегі іс-қимыл алгоритмі бар әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, аумақтық полиция бөліністеріне жолданды, олардың мақсаты жасырын қылмыстарды анықтау және мемлекеттік органдармен әлеуметтік, психологиялық, медициналық және құқықтық уақтылы көмек көрсету», - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Бұған дейін Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев балаларға қарсы жасалған қылмыстар бойынша және олардың қауіпсіздігіне қатысты заң қатаңдайтынын айтқан болатын.

Миражан Махан
Бөлісу: