65 бала көз жұмды: Өзбекстанда атышулы препаратқа байланысты сот отырысы өтеді

11 Тамыз 2023, 11:33 1106

Бүгін Ташкентте Өзбекстандағы 65 баланың өліміне себеп болған «Док-1 Макс» аппаратына қатысты сот отырысы басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жоғарғы сот баспасөз қызметінің мәліметінше, сот тыңдауы 11 тамызға тағайындалған.

21 адам Өзбекстан Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша тергеледі, - делінген мәліметте.

Олардың қатарында Үндістан азаматы, Өзбекстан фармакология саласын дамыту жөніндегі агенттіктің экс-директоры, Quramax Medikal компаниясының басшысы да бар.

Айыптау қорытындысында «Док-1 Макс» препаратынан 65 жас бала қайтыс болды делінген.

Атышулы іс Ташкент қалалық сотында қаралады. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: