Қазгидромет синоптиктері 6 желтоқсан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауады.
Тек еліміздің шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман, оңтүстікте көктайғақ болады.