Блогер Дархан Жолшыбеков жары Дариға Нұркееваның туған күніне тосын сый жасады. Танымал жігіт сыйлықты табыстаған видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дархан сүйіктісіне тосын сый ретінде 1001 роза, Iphone 15 pro max пен құны 6 миллион теңге тұратын Bulgari бренд сағатын сыйлады. Мұны блогердің Instagram желісіне салған видеосынан көруге болады.
Сенсің менің барым да, бақытым да, бағым да. Daricorn, туған күніңмен, - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал Дариға Нұркеева өзінің таңданысын жасыра алмады.