AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды El.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды», - деп жазды ұйымнан.