6 қазанға арналған ресми валюта бағамы

6 Қазан 2022, 09:09 1497

Ұлттық банк доллар мен рубльдің ресми бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 6 қазандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz 

1 доллар құны – 470, 06 теңгені, Ресей рублі 7,91 теңгені құрайды. 

5 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 57 теңгеге төмендеп, 470, 03 теңге болған. 

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 – 476 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал Алматыда доллар 470 – 475 теңге аралығында құбылып тұр. 

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,38 – 7,58 теңгеге сатып алуға болады.

Бөлісу: