6 қазанға арналған ауа райы болжамы

6 Қазан 2022, 08:04 778

Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен соғады, күші 1-6 м/с.

6 қазан күні Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Солтүстік антициклон ықпал етеді, сондықтан жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды EL.KZ.

Елдің батыс, шығыс аймақтарында, оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді. 

Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.

Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен соғады, күші 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +17+19°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Жел екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +19+21°С болады.

Шымкент қаласында да көшпелі бұлтты, жауын-шашын жоқ. Шығыстан жел соғады, күші - 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +6+8°С, күндіз +21+23°С болады.

EL.KZ
Бөлісу: