5 шілде кинопремьералары

5 Шілде 2018, 09:32 3913

Аптаның үздік кинопремьералары

Бүгін Marvel студиясының «Құмырсқа адам мен Сона» блокбастері шықты. Өзгелер үшін бұндай ауқымды жобамен прокатта бәсекеге түсу қауіпті. Сол себепті бүгінгі премьералар да көп емес.

«Человек-муравей и Оса» (Ant-Man and the Wasp) – Marvel кинематографиялық ғаламының кезекті сериясы және 2015 жылғы «Человек-муравей» фильмінің сиквелі.

Оқиғасы «Первый мститель: Противостояние» фильмінен кейін өрбиді. Скотт Лэнг/Құмырсқа-адам Кек алушылар командасына қосылуға мүмкіндік алады. Алайда қызынан алыстағысы келмеген ол Сан-Франциско қаласында тұра беруді құп көреді. Оған костюм жасап берген доктор Хэнк Пим жаңа жауға қарсы тұруға шақырады. Елес (Ghost) деп аталатын зұлым (Ханна Джон-Кэймен) Пим ойлап тапқан технологияны қолды етпек болады. Жаумен күресу үшін Құмырсқа-адамға Сона көмекке келеді.

Бірінші фильмдегі Пол Радд, Майкл Дуглас, Эванджелин Лиллидің қатарына жаңадан Мишель Пфайффер мен Лоренс Фишбёрн қосылды.

«Попробуй подкати» (Tout le monde debout) – француз актері Франк Дюбосктің режиссерлік дебюті. Ол сондай-ақ басты рөлде ойнап, сценарий авторы болды.

Сюжет бойынша Джоселин есімді қызқұмар бизнесмен Джули деген сұлудың жүрегін жаулап алғысы келеді. Ол әйелдің аяушылық сезімін ояту арқылы өзіне қаратпақшы болады. Еркек өзін арбаға таңылған мүгедек қылып көрсетеді. Сөйтсе Джоселиннің де әпкесі кемтар екен. Басты кейіпкер осыдан кейін ыңғайсыз жағдайға тап болады.

«Прощаться не будем» - Ұлы Отан соғысының аса танымал емес оқиғасына арналған әскери детектив. Картина Калинин қаласын қорғау үшін тұрғындардан құралған жасақ туралы айтады.

1941 жылдың қазаны. Неміс әскери Калининга басып кірмекші. Қаланы танкасыз, артиллериясыз екі мың ғана адам қорғайды. Жалғыз үміт - Калинин станциясы арқылы өтуі тиіс бесінші атқыштар дивизиясында. Алайда диверсанттар бұны болғызбау үшін бәрін жасап бағуда. Калинин гарнизонының бастығы, майор Павел Сысоев қалада тәртіп пен тыныштықты сақтауға тырысып жүріп, жаудың диверсиялық тобына қатысы бар деген күдікке ілігеді.

 

Ернар Бекенов
Бөлісу: