59 басшы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген - Антикор

18 Сәуір, 13:49 629

Антикор су тасқынын жою бойынша бюджет қаражатын бөлуде мониторинг жүргізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен 69 талдау және мониторинг жүргізіліп, жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 565 ұсынымдар мен ұсыныстар енгізілді.

Алдын алу шараларымен, оның ішінде жемқорлыққа қарсы еріктілермен 17 миллиард теңгеден астам сома қаражатты негізсіз пайдалануға жол берілмеді.

Биыл 1 тоқсанда 43 проблемалық кейс бойынша 5 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 488 қылмыстық құқықбұзушылықты тіркеді. Сыбайлас жемқорлық жасауда 296 адам әшкереленді, оның 59-ы - әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: