55 миллиард теңгені игере алмай жатқан министрліктер анықталды

16 Мамыр 2023, 11:00 1103

Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында жыл басынан бері бюджетті игермеген мемлекеттік органдарды атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері қаңтар-сәуір айларында мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6 пайызға, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,0 пайызға жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,6 пайызға атқарылған. Ал атқарылмаған сома - 72 миллиард теңге.
Оның ішінде 16 миллиард теңге үнемделді. Игерілмегені – 55 миллиард теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму, экология және табиғи ресурстар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты, - деді Ерұлан Жамаубаев.
Бюджетті игермеудің негізгі себептері: шарт жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу; нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізу; мемлекеттік сатып алу конкурстарының ұзақ өткізілуі; орындалған жұмыстардың актілері мен шот – фактуралардың уақтылы ұсынылмауы және басқалары екен.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары 3,3 триллион теңгені құрады. Атқарылмағаны – 47 миллиард теңге.Биыл өңірлерге 2 триллион теңгеге жуық нысаналы трансферт көзделген. 1 мамырдағы жағдай бойынша 473миллиард теңге бөлінді. Оның 97 пайызы игерілген. Игерілмегені – 14миллиард теңге.Трансфертті ең көп игермегендер: Астана және Алматы қалалары, Атырау және Түркістан облыстары, - деді вице-премьер.
Алмас Абылай
Бөлісу: