50 жылда болған ең жойқын бес жер сілкінісі

9 Қаңтар, 16:39 7781

Жақында Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, 130-ға жуық адам қайтыс болғаны расталды. Негізі әлемде қаланы түгелдей жойып жіберген табиғи апаттар аз болмаған. Біз солардың арасында соңғы 50 жылдағы ең жойқын бес жер сілкінісіне тоқталып өттік. 

Гаитидегі жер сілкінісі, 2010 жыл

Магнитудасы – 7.0.
Қаза болғандар саны – 222 570 адам.

Осылайша Латын Америкасында қайтыс болғандар саны жағынан соңғы он жылдағы көрсеткіштен асып түсті. Үш миллион адам баспанасыз қалды.


Сурет: Ricardo Arduengo/AP

Жер сілкінісі Гаитиден бөлек АҚШ-тың Флорида штатында, Ямайкада және Кубада сезілді. 

Сычуаньдағы жер сілкінісі, 2008 жыл

Магнитудасы – 7.9.
Қаза болғандар саны – 87 587 адам.
Тағы 374 мың адам жараланды.


Сурет: Darley Shen/Reuters

Салдарынан 5,36 млн ғимарат қирап, тағы 21 млн ғимаратқа зақым келді. Ал келтірілген шығын көлемі 86 млрд долларды құраған.

Индонезиядағы жер сілкінісі, 2004 жыл

Магнитудасы – 9.3
Қаза болғандар саны – 230 мың адам
Миллионнан астам адам баспанасыз қалды.


Сурет: AP Photo / Tatan Syuflana

Индонезияда жер сілкінісі - жиі болатын құбылыс. Сөйте тұра 2010 жылы болған зілзаланың зардабы тым үлкен болды.

Таншаньдағы жер сілкінісі, 1976 жыл

Магнитудасы – 7.8
Қаза болғандар саны – 242 769 адам
15 сағаттан кейін 7.1 магнитудалы жер сілкінісі қайталанып, қала толықтай жойылды.


Сурет: russian.people.com.cn

Ресми деректер қайтыс болғандар саны 240 мыңнан асты делінгенімен, нақтыланбаған ақпаратта олардың саны 800 мыңға жуық деп көрсетілген. Нәтижесінде 5,3 миллион үйдің күл-талқаны шықты.

Перу жер сілкінісі, 1970 жыл

Магнитудасы – 8.0
Қаза болғандар саны – 100 000 адам
Үш млн адам зардап шекті.

Экономикаға келтірілген шығын көлемі 500 млн долларды құрады. Зілзала қар көшкініне ұласып, тіпті өзендердің арнасы өзгеріп кеткен болатын. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: