«50 мың доллардан сатылған». Жанар Байсеміз шетелге кеткен қазақ балалары туралы айтты

16 Қаңтар, 15:32 3311

 «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы, журналист Жанар Байсемізова шетелге балалар қаншаға сатылғанын айтты, хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Abay Live youtube арнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, шетел асқан балалардың барлығы ауру емес.

Арасында мүгедек балалар болды, бірақ бәрі ауру емес. Иә, арасында қолы немесе аяғы жоқ балалар да бар, бірақ лоар санаулы. Көбісінің дені сау екенін көріп жүрсіздер. Меніңше, сол уақытта билік тек ауру балаларды жіберіп жатырмыз деп халықты тыныштандырғысы келген сияқты, - дейді журналист.

Сонымен қатар, Жанар Байсеміз балаларды 1990 жылдың аяғы мен 2000 жылдың басында-ақ 50 мың АҚШ долларына сатқанын айтады.

Ол кезде бұл өте көп ақша еді. Таразға шетелдік 10 шақты отбасы келіп, әр баланы 50 мың АҚШ долларын беріп, балаларды алып кеткен. Заңсыз кеткен біраз баламен таныстым, бірақ оларды эфирге айта алмаймын, - деп жауап берді ол.

Оның айтуынша, заңсыздықтар көп болған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: