«5 жігітке сатамыз». Алматыда қорлық көрген қыз терезеден секіріп кеткен

15 Ақпан, 15:00 7597

Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тонау, бопсалау және пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша екі қызға сот үкімі шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр көктемде кәмелет жасқа толмаған қыздар жәбірленушіні ақша бопсалау мақсатында Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің біріне алып барған. Олар қызды «2 сағатта 100 мың теңге таппасаң, 5 жігітке сатамыз» деп қорқытып, жабылып соққыға жыққан. Ауыр жарақат алған қыз қорыққаннан 3-қабаттағы терезеден секіріп кеткен. Салдарынан жәбірленушінің екі өкшесі, омыртқасы зақымданып, қолы сынды.
Сот үкімімен Т. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды, оған 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Н. да тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды, оған 5 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген сот хабарламасында.

Сот сотталушылардан жәбірленушінің пайдасына ортақ тәртіпте моралдық залалды өтеу есебінде 3 миллион теңге және адвокаттың қызметіне жұмсалған шығыстар үшін әрқайсысынан 600 мың теңгеден өндіріп алды. Сот сотталушылардың жас екені жазаны жеңілдететін жағдай деп таныды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: