5 жасар баланың тапқырлығының арқасында інілері құтқарылды

6 Қаңтар 2023, 13:48 1574

Кеше сағат 16: 58-де «112» пультіне 5 жасар баладан қоңырау келіп түсті. Ол жеке үйде жану иісі бар екенін хабарлады. Оқиға орнына дереу құтқарушылар бригадасы шығып, 102 және 103 қызметтері жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Осы уақытта 112 диспетчерлері аза бейнебайланыс арқылы баламен байланысқа шықты. Ашық жануы жоқ екеніне көз жеткізіп, балаларға психологиялық көмек көрсетті,  және де бөлмелерді желдету үшін баланы терезе ашуды өтінді.

Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен кейін жас балалардың жеке үйде бұғатталғаны және жанудың иісі бар екендігі белгілі болды.

МӨС-1 қызметкерлері шанц құралдарының көмегімен алдыңғы есіктің құлпын бөлшектеп, балаларды жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Балаларды дәрігерлер қарағаннан кейін, Семей қаласындағы балалар ауруханасына алып кетуге тура келді, жеңіл улы газдан улану алдын-ала диагнозы қойылды, қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттандырарлық.

Абай облысы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарынан балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!

EL.KZ
Бөлісу: