Қазгидромет 5 қаңтар күні болатын ауа райына болжамды жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан аумағыАтлантикалық циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, сондықтан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста – қар, шығыста-қатты қар жауады. Еліміз бойынша желдің күшеюі, еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі.