5 мыңнан астам сарбаздың несиелері кейінге шегерілді

8 Қыркүйек 2023, 15:01 655

Мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылғандарға кредиттік демалыс беру іске асырылып келеді. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мерзімді әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге кредиттік демалыстар ұсыну бойынша іс-шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, 2022-2023 жылдары 3,2 млрд теңге көлемінде 20 300 кредиті бар сарбаз анықталды. Бүгінгі таңда 8 800 қарыз бен микрокредит бойынша 5 мыңнан астам әскери қызметшінің 1,4 млрд теңге мөлшеріндегі төлемдері кейінге қалдырылды, - деді Бауыржан Артықов Орталық коииуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі әскерден босату бойынша көмек ұсынатын, ол үшін ақы сұрайтын жандардан сақ болуға кеңес береді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: