«+5…-32». Алдағы күндері ауа райы қандай болады

12 Ақпан, 15:01 24309

Синоптиектер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 13-14 ақпанда фронталды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, солтүстік өңірлерде қалың қар жауады. Сондай-ақ бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыста -5 градус аяздан +5 градус аралығында болады деп болжады. Ал солтүстік, орталық шығыс өңірлерде ауа температурасы -5 градустан +2 градус аралығында жоғарылайды. 15 ақпанда циклон Қазақстан аумағынан жылжып, кейін арктикалық антициклон ауа райына әсер етеді деп болжанған.

Республиканың солтүстік жартысында аяз сақталады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанда ауа температурасы түнде -22...-32 аралығында, күндіз -15...-27 градусты көрсетеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: