4 жасында Халықаралық сұлулар байқауының жеңімпазы атанған Софи Манасян туралы естідіңіз бе?

27 Ақпан 2015, 09:59

Назарларыңызға шет елдерде Қазақстан абыройын қорғап жүрген, кішкентай болса да Халықаралық Сұлу Ханшайымдар байқауының 1 миссі, ЮНЕСКО-ның ең жас мүшесі, Созвездие Вены халықаралық байқауының жеңімпазы Софи Манасян туралы мақаламызды ұсынамыз.

Назарларыңызға шет елдерде Қазақстан абыройын қорғап жүрген, кішкентай болса да Халықаралық Сұлу Ханшайымдар байқауының 1 миссі, ЮНЕСКО-ның ең жас мүшесі, Созвездие Вены халықаралық байқауының  жеңімпазы Софи Манасян туралы мақаламызды ұсынамыз.

Софи аяқ басып, жүріп үйренгелі би билеуді сүйетін бүлдіршін. 1,5 жасынан бастап түрлі дамыту мектептеріне, Монтессори жүйесі бойынша тәрбие сабақтарына барып жүрді. Есте сақтау қабілеті жетік дамыған бала. 2 жасынан бастап кәсіби бимен шұғылдана бастады. Кәсіби дегеніміз, сол кезден бастап түрлі шараларға белсене қатысып, жұрт алдында билей бастады. 3 жасынан вокалды да қосып алып, кейін фортепианоға қызығушылық танытып, оны да үйреніп бастады. .

2012 жылы 4 жасар Софи АҚШ-та өткен Халықаралық Сұлу Ханшайымдар байқауының 1 миссі атанды. Ал 5 жасында  отыз алтыншы рет өтіп отырған ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Би Конгресінде ел намысын қорғады. Бұнда 1000-нан астам адам көшбасшылық үшін таласқан болатын. Сөйтіп Софи ең жас ЮНЕСКО-ның мүшесі болып тағайындалды.

Ұйым президенті, профессор Алкис Рафтистің айтуынша, Софи Манасян жоба тарихындағы ең жас қатысушы және CID UNESCO (International dance council of UNESCO) ұйымының ең жас толыққанды мүшесі атанып отыр. Софи Еуропаның, Американың, Азияның ең таңдаулы деген шеберлерінің 30 сағаттық шеберлік сыныптарына қатысқан. Және байқауда "Аққу" атты қазақ биін билеп, көпшілікті тамсандырды. Гала-концертте халықтық би номинациясы бойынша бірінші орынды иемденді.

Алты жасар алматылық қыз 2014 жылы өткен австриялық дарындылар шоуында Қазақстанды тағы бір мәрте әйгілі етті. Софи Манасян алтын мүсін мен «Алтын үміт» арнайы сыйлығына ие болды.  Ол халық билерін билеп көрермендердің ықыласына бөленді. «Созвездие Вены»  балалар мен жасөспірімдердің халықаралық байқауы  Австрияның мәдениет министрлігінің қолдауымен өтетін іс-шара.  Сол жылы 16 елден өнерпаздар бағын сынады.  Яғни мыңнан астам өнерлі бала түрлі номинацияларға қатысты.

Венадағы таланттылар байқауына жас жұлдыз 3 би әзірлеген. Байқауды Құрманғазы күйіне қойылған «Жігіт кейпіндегі қыз» биімен ашты. Сайыс бағдарламасы 2 концерттік-хореографиялық нөмірден құрылған екен. Біріншісі Н.Тілендиев музыкасына қойылған «Аққу» атты қазақ ұлттық биі болса, екіншісі «Үнді биі» болды.

Софидің тегіне келетін болсақ, әкесі Кавказ елінде туылған армян, ал анасы болса кәріс. Анасының айтуы бойынша кішкентай бүлдіршінінің өнерге деген ынтасы мен қабілеті әкесінің қанымен берілген. Ал шыдамдылық пен еңбекқорлық ана сүтімен дарыған дейді.

 

Қазір Софи 1 сынып оқушысы. Оқу жылы басталғалы жаңа белестерге талап қойып, көркем гимнастикамен айналысып бастады.

 

Кішкентай бүлдіршін бос уақытында анасымен бірге ас үйде жүргенді ұнатады. Тәтті бәліштер мен торттар даярлауды үйреніп жүр. Туған күніне дастарханды өзі жайған екен.

Софидің анасының жазуы бойынша Софи қай үйірмеге қатысса да, мұғалімдері мақтап, икемділігін айтып жатады екен. Ол аналитикалық ойлауды қажет ететін математика сабағы болсын, шығармашылық қырын көрсететін сурет сабақтары болсын, кішкентай қыз барлық жерде қызығушылық білдіріп, мұғалімдердің өзін баурап алады екен.

Софидің өзі болса өскенде балерина болуды армандайды екен.

Мінеки осындай өсіп келе жатқан еңбекқор әрі дарынды жас бүлдіршіндер отанымыздың атақ-даңқын арттырып, болашақта еліміздің дамуына зор үлесі қосары сөзсіз!

Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

 

 

 

 

Бөлісу: