4 турға шолу: Посттар мен фоторептер

30 Сәуір 2014, 04:46

Бәрі жақсы болады!

Фоторепортаждардың неше түрін алдымызға тартқан Блогиаданың бұл аптасы артта қалды. Үздіктер бар, артта қалғандар бар. Фоторепортажды да жасай береді екен, көре бердік.

Ұнағаны: «Вокспопулиден де мықты сайт жасауға болады екен ғой» деген пікір естідім. Екі мықты жігіттен. Қатысушылар арасында шідер үзіп, шығынып кеткендер көп болды. Сапалы фоторепортаждарға разы болдық.

Ұнамағаны: Фоторепортажды кім қалай түсінетінін қайдам, турда жәй фото тізбелер көп болды. Фотобаян дейміз бе? Репортаж дегеніміздің өзі бір мәселе туралы егжей-тегжейлі біліп шығуымызға көмектесетін нәрсе болуы тиіс еді. Енді фотомен репортаж жасау керек болса, не істеу керектігі түсінікті шығар деп ойладым.

Ауғанстан, Кабул аспаны астынан жасалған репортаж ұнады. Артық бояусыз, ақпараты мол. Шетелдің аты шетел! Бірақ, жеке, үлкен өлшемді (крупный план) кадр таба алмадым. Айнұр Рақышеваның Гүлдер туралы постында крупный планнан шаршап ем, Өркен жалпы көріністермен «есте қалды»

Дивани хикмет – бұл турдағы ең үздік фотореп болды десем, ешкім таласа алмайды. Жалпы, репортаж осылай жасалады. Бір диванның тарихын түгел біліп алдық.

Идеясыздықтан туған идея – бұл енді жоқтан бар жасау. Креатив десең креатив, шеберлік десең шеберлік, идеясыздық десең идеясыздық. Ізденісіне ғана 10 қойып тастауға болады, фото сапалары да сорлы емес. Тек, автор өзі бар фотоларда тым әсірелеуге жол берген.

Бізге қызмет ететін өлім туралы суреттер қатты әсер етті. Тосын жаңалық. Селк еткізді.

Ардагерлер туралы тақырып таптаурын деп, әсіресе, көктемде көпшілік тыжырына қалады. Немерелерінің ортасындағы ата, медальдан тігілгендей кәстүм киген Шалдар, әлі тың, шахмат ойнайды деген сарындағы материал емес, шын өмірді сездірген репортаж болды.

Ғарышпен байланысатын адамдар туралы посттың идеясын ғана құрметтедім. Қауіпті, тәуекелі көп жерге бару, фотоға түсіру. Автор біраз суретін сол жерде жойдырғанын айтты, десек те қалған суреттердің өзі жұтаң да болса ақпарат берді. Өз басым Эльвираға разы бола қойғаным жоқ, ол одан да күштісін істей алатын еді.

 Қабырғадағы теңіз қарақшыларының авторына респект! Ол осы турдағы санаулы фоторепортаждардың бірінің иесі!

Көркем Абылаева әдемі пост жазып шыққан екен. Негізі турдың тапсырмасы фоторепорта болатын.

Ғасыр да таңғалдыра қоймады. Негізі, нысан, тақырып әдемі таңдалған. Тек ұсыну жағынан кемшілік болды. Фотоның бәрі бір ракурстан алынған, бұл ең үлкен кемшілік.

Абай Отар – бояушы бояушы дегенге сақалын бояйтын жігіт екенJ 100 ге жуық фотоның ішінен 25 сурет жеткілікті болушы еді, бірін – бірі қайталайтын суреттер оқырманның мазасын қашырады, жалықтырады. Спорттық жарыстарда адамдардың сезімдерін көрген ұнайды маған. Жанкүйер, бапкер, спортшы, төреші... Солғын. Суреттердің сапасына сөз жоқ...

Антиквариат дүкенінен тіршілік көрдім. Жақсы жазба.

Жәнібек Нұрыш та әдемі танымдық пост әзірлеген. Ұнады. Өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатқанда жақындауға болмайтын болар, бұнда да біріңғай жалпы көріністер. Жеке, үлкен көрініс жоқ. Негізі, жақсы баға алу үшін тек идея мен нысан таңдау жеткіліксіз секілді.

Нысан таңдау Айжан Құлмұхамбетованың да негізгі жетістігі болды бұл турда. Бірақ, бір нысан емес, бірнеше нысан болуы күмілжітті. Кемшілігі де осы!

Сәния Қуанқызы Балабақшасыз балалар туралы фоторепортажды почти Балаларсыз түсіріп шыққан. Аса қатты ұнамады.

Бәрін тізе бергенде айтарымыз бәрібір осы төңіректе екен. Фоторепортаж сәтті тур болды. Көңіл тоқ, келесі турға сәттілік.

Жеке пікір болғандықтан бұнда жазылғандардың бәрін жақын қабылдай беру денсаулыққа зиян. Әр жазбаның өзінің мақсаты болуы мүмкіндігін ескере отырып, артық кем айтылған тұстар үшін кешірім сұраймын.

АА

Бөлісу: