“46 кеншінің өлімі”. Назарбаев қоры 50 млн теңге бөлді

6 Қараша 2023, 14:15 1280

Назарбаев қоры Костенко шахтасында қаза болған кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге көлемінде тікелей қаржылық көмек бөлді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының инвесторы Лакшми Митталды жазалауды талап еткені туралы жазған едік.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: