44 ЖЫЛ БҰРЫН ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ НЕМІС ТЕАТР ҰЖЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ

6 Ақпан 2019, 03:09 3410

Мұрағат мәліметтеріне сүйенсек, 1975 жылы ҚазКСР Мәдениет министрлігінің №34 бұйрығы шығып, ол Қазақстанда алғашқы рет Неміс театр ұжымының құрылуы туралы ресми куәлігі болып табылады.

Сондай-ақ бұл ұжымның негізгі мақсаттары мен міндеттері «республикада тұратын неміс ұлтының азаматтарының мәдени мұрасын дамыту және сақтау мүмкіндіктерін жақсарту» деп белгіленді.

Сонымен қатар Алматыда орналасқан Республикалық неміс драма театры 37 жылдық тарихы бар бірегей шығармашылық ұжым болып табылады.

Неміс театрының аудиториясы – әртүрлі ұлт, жас және әлеуметтік топтар. Еуропалық және әлемдік драматургияның мәдени мұрасына, мәнерлі құралдарына сүйене отырып, өз шығармашылығында академизм мен заманауи театр тәжірибелерін және өз спектакльдерінің желісіне Қазақстанда мекендейтін халықтардың элементтері мен дәстүрлерін ұштастыра отырып, неміс мәдениаралық және ұлтаралық диалог алаңы, заманауи театр, кез келген көрермен үшін өзекті және қызықты болуға ұмтылады.

«Тұңғыш»  Неміс театры Энгельс қаласында Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін құрылды, бірақ 1941 жылдың тамызында қайғылы оқиғаларға байланысты ол жабылып қалған еді. Ресми түрде неміс театрының қайта өрлеуі – 6 ақпан 1975 жыл.

Дей тұрғанмен де, театр өзінің алғашқы маусымын 1980 жылдың 26 желтоқсанында Теміртау қаласында ашты. 1980-1990 жылдары труппаның құрамына елу екі неміс тілінде сөйлейтін актер кірді, олардың жиырмасы театр училищесінің түлектері. Б. Щукин атындағы театр труппасы «Возрождение» қозғалысының өзіндік флагманы болды. 1989 жылы Республикалық неміс драма театры Алматыға қоныс аударады. 90-шы жылдардың ортасында театрда «эмиграциялық көңіл-күй» салдарынан сыни жағдай орын алады. Немістердің Германияға жаппай эмиграциясы көрермен аудиториясын өзгертті, ол мультинационалды болып, театрдың көркемдік және әлеуметтік шекараларын кеңейтеді.

1994 жылы Неміс театрының құрамына жас актерлер келе бастайды, 1991 жылы Германия үкіметінің қолдауымен Т. Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино институты базасында ашылған Неміс театр академиясының (НТА) алғашқы түлектері жаңа ағынмен қосылды.

Олар басқа мемлекетте, басқа мәдени және әлеуметтік жағдайларда өмір сүрген жастар еді. Театр жаңғыра бастайды.

Қазір театр труппасында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының алты актерлік курс түлектері өнер көрсетеді.

Театр ұзақ күрделі қалыптасу жолынан өтті, көптеген қиындықтарды еңсерді: немістердің тарихи отанына жаппай қоныс аударуы; уақыт, торығу, үрей мен ішкі даулар; өз сахнасын жоғалту.

Бірақ он екі жыл ішінде көшпелі өмір белсенді шығармашылық қызметке кедергі бола алмады.

Неміс театрының репертуары – неміс драматургиясының классиктері мен замандастар пьесалары бойынша спектакльдер, шетелдік және қазақстандық драматургтердің пьесалары.

Көркем бағытта театр Еуропа, Азия, тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің режиссерлерін бірлесіп жұмыс істеуге шақыра отырып, халықаралық байланыстар желісін үнемі кеңейте отырып, 90-шы жылдардың соңында қабылданған эксперименталды еуропалық театр курсы бойынша жұмыс істейді.

Бүгінде неміс үйінің өз сахнасы және тіпті шағын әдемі саябағы бар. Шығармашылық ұжым инновацияларға үлкен қызығушылық танытатын белсенді шығармашылық платформа, сондай-ақ Еуропа, Ресей және Азия режиссерлерімен бірлескен жобалар үшін еркін алаң, пікірталастар мен эксперименттер үшін жанды орын және жоспарлар мен талпыныстарға толы.

Ұлттық театрдың ерекшелігіне ие бола отырып, немістің интернационалдық идеясын айқын көрсетеді: театрда Қазақстанда тұратын халықтардың театрмен және рухани құндылықтарымен біріккен түрлі ұлт өкілдерінен тұратын труппа жинақталған. Бұл – келісім, ынтымақтастық және толеранттылық үлгісі; бұл – адамдардың өнер арқылы бірігуі.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу: