43 жастағы жетісулық ана 10-шы перзентін өмірге әкелді

12 Ақпан, 22:51 891

Жетісу облысында 43 жастағы әйел 10-шы перзентін өмірге әкелді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көп балалы ана Жасия Жанатбек жолдасы екеуі 7 қыз, 3  ұл өсіріп отыр. Бұл туралы Сарқан ауданының әкімдігі айтып берді. 

Бағдар мени Жасия Сарқан қаласында 15 жылдан бері тұрады, 10 бала тәрбиелеп отырған отбасының кенже қызы Ясмин жуырда өмірге келді. Ананың оныншы перзентін өмірге әкелуге Сарқан аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері көмектесті. 

Жасия Жанатбек 1980 жылы туған. Жалпы жүктілік мерзімі қалыпты өтті, оған әйелдің өз көңіл күйін жақсы ұстауы да әсер етеді. Көрсетіліміне байланысты 4 ақпанда кесарево жасалды. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Бүгін оларды үйіне шығардық. Біздің аурухана үшін оныншы перзентін босандырып алу - сирек құбылыс, - дейді аудандық аурухананың перзентхана бөлімінің меңгерушісі Ғалия Менисова.

Отбасының тұңғышы Хахида 23 жаста, қазір оның өзі отау құрып, екі баланың анасы болып отыр. Екінші қызы Роза 19 жаста, студент. Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курсында оқиды. Ұлжан, Ұлыхан, Жамбыл мен Айтөре – әлі оқушы, кішілері егіз Имран мен Ясин үш жаста.

Жасия Жанатбек "Күміс Алқа", "Алтын Алқамен" наградталған. Жолдасы Бағдар мал шаруашылығымен айналысады. Сарқан аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері дәрігерлер 20-дан астам әйелді аман-есен босандырып, шығарған. Соның үшеуі 40 жастан асқан аналар.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: