42 кандидат сайлауға қатысудан бастартты – ОСК

19 Ақпан 2023, 14:45 2383

18 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де кандидаттарды тіркеу тоқтатылды. Бұл туралы ОСК кезекті отырысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Нәтижесі бойынша 98 депутаттың 69 депутат партиялық тізім бойынша, 29 депутат бірмандаттық округтік аумақтан бекітілуі тиіс.

«Кешегі күннің тіркеу нәтижесіне назар салсақ, 29 бірмандатты округ бойынша 435 кандидат тіркелді. Ең көп тіркелгендер Астана қаласында. Онда 41-42 кандидат тіркелген. Ал бәсекелестік төмен көрсеткішті көрсеткен Түркістан облысы. Онда 5 кандидат тіркелген», - деді ол.

Сонымен қатар, тіркелгендердің 80,46 % ер адамдар, ал 19,54 % әйел адамдар.

«Кандидат ретінде тіркелгендердің 91,26 % ұлты қазақ, 5,52 % орыс, 3,02 % басқа ұлт өкілдері. Жалпы, кандадат ретінде ұсынылғандардың ішінде 10 ұлт өкілдері тіркелді. Кандидаттардың орташа жасы 49,34 жасты құрайды. 29 жасқа дейін 15 адам тіркелді. Ең жасы 1997 жылғы азамат, ал ең жасы үлкені 1942 жылғы азамат екені белгілі», - деді Константин Петров.

Сондай-ақ, 42 кандидат өзін кандидатурадан алып тастау туралы өтініш хат толтырған.

«125 кандидатты тіркеу бастартылды. Соның ішінде бір кандидат ҚР Конституциясының Сайлау туралы заңнамасындағы Қазақстан аумағында тұрғылықты 10 жыл тұруы қажет деген талаптарға сәйкес келмегендігіне байланысты кандидатураға тіркеуден бастартылды», - деді Константин Петров.

Миражан Махан
Бөлісу: