42 градус қатты аяз: Синоптиктер аяз болатын өңірлерді атады

23 Ақпан, 09:09 3730

Қазгидромет синопиктері 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді. Қазақстан бойынша тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз, Абай облысының шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: