«40 күн күтінейін». Алтынай Жорабаева радио мен телеарналардың шақыртуына жауап берді

17 Қаңтар, 12:36 2329

Жақында бесінші қызын өмірге әкелген Алтынай Жорабаева радио мен телеарналардан шақыру келіп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол Instagram парақшасына әлі күтінетінін айтты.

Мені радио мен телеарналарға шақырып жатыр. Қазір тым болмаса, 40 күн күтінейін. Әлі талай эфир мен шығармашылық концерттер болады. Бәрінің өз орнымен болғаны дұрыс, – дейді өнер иесі. 

Сонымен қатар, қызының әкесіне ұқсайтынын да жеткізді.

Құрмадан артық тамақ пен дәрумен жоқ-ау. Әмина омырауды да емеді. Қосымша сүтті де ішеді. Әкесі сияқты сабырлы. Көнбіс бөпе, - деп жазды ол.

Еске салайық, өнер иесі жақында бесінші перзентті болып, Нұрлан имамға азан шақыртып, есімін қойдырғанын хабарлаған еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: